Салт-дәстүрді сақтай біл
2014 жылдың Наурыз айының 1 жұлдызында № 6 жатақханада Химия технологиялық факультетіндегі «Силикаттар технологиялары және минералдар синтезі» кафедрасы «Салт-дәстүрді сақтай біл» атты іс-шара өткізді.
Жаңалықтар
2014 жылдың Наурыз айының 1 жұлдызында № 6 жатақханада Химия технологиялық факультетіндегі «Силикаттар технологиялары және минералдар синтезі» кафедрасы «Салт-дәстүрді сақтай біл» атты іс-шара өткізді.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де «Электротермиялық өндірісінің технологиясы және металлургия» кафедрасы тәрбие жұмысы бағыты бойынша химия-технологиялық факультетінің 1 курс студенттеріне арнап «Қазіргі Қазақстан қоғамындағы ислам дінінің орны мен рөлі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел - іс-шарасын ұйымдастырып, өткізді. ХТФ-де дөңгелек үстел 27.11.2013жылы 127А аудиторисында өткізілді.
«Мұнай, газ және полимерлер технологиясы» кафедрасының екі студенті Досмұхамбет Г.И және Махмұт А 2012-2013 оқу жылының қысқы семестрінде Химиялық технологиялық Прага институтында білім алып келді.(Прага қ., Чехия республикасы) Бүгінгі таңда онда ХТ-12-6ра тобының студенті Т Нарметова білім алуда.
«Геоэкология және табиғатты пайдалану» кафедрасының аға оқытушысы Жолдасбекова Нұргүл Шаяхметқызы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша 15.03.2013ж. - 14.06.2013ж. аралығында Рессейде (Мәскеу қ.) Д.И.Менделеев атындағы Рессей химия- технологиялық университетінде ғылыми іс-тәжириебеден өтті. Ғылыми жетекшісі профессор, т.ғ.д. Кручинина Н.Е. болды.
Муталиева Ботагоз Жаксылыккызы, химия ғылымдарының кандидаты, Биотехнология кафедрасының доценті, республикалық конкурсы бойынша Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2012 ж «ЖОО-ң үздік оқытушысы» атағын алды.
2012 жыл 10 және 14 желтоқсан аралығында В.Г.Шухов атындағы Белгород мемлекеттік технологиялық университетінде (Ресей) ТМД және Батыс Европа елдеріндегі цемент өнеркәсіптері саласының ғалымдары және зауыт басшыларының қатысуымен «V – цемент өндірушілердің Халықаралық конгресі» өтті. Конгрестің бастаушысы және ұйымдастырушысы т.ғ.д., профессор И.Н.Борисов басқаратын «Цемент және композициялық материалдар технологиялары» кафедрасы (В.Г.Шухов атындағы БМТУ) болды.
Геоэкология және табиғатты пайдалану кафедрасында кафедрадағы ПОҚ және 5В060800-Экология мамандығы студенттерін қашықтықтан оқыту жүйесінің сертификатталған «Прометей» бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалану туралы семинар өткізілді. Семинарға «Қашықтықтан оқыту технологиялар» қызметінің жетекшісі Досыбеков С.К. қатысты.
20.11.2012 жылы сағат 10.00 «Силикаттар технологиялары және минералдар синтезі» кафедрасында В.Г.Шухов атындағы Белгород мемлекеттік технологиялық университеті «Цемент және композициялық материалдар технологиялары» кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы (Ресей Федерациясы) Барбанягрэ Владимир Дмитриевич «Парадоксалды тәжирибелік нәтиже – ғылыми жаңалық ашуға бағыт» тақырыбында ғылыми баяндама жасайды.