Жаңалықтар

Хабарландыру! Ашық сабақ

30.10.2014 ж.  1505 т.ғ.к., аға оқытушы А.Ж.Альжанова ХИ және БТ жоғары мектебінің денгейінде ашық сабақ өткізеді. Лекция тақырыбы: " Шикізат қоспаларын күйдіру және клинкер алу.  Клинкердегі бос СаО құрамын анықтау".

«Тәрбие отбасынан басталады» атты іс-шара

2014 жылдың Қазан айының 22 жұлдызында № 6 жатақханада Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінде «Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасы «Тәрбие отбасынан басталады» атты іс-шара өткізді. "Отбасы қуатты болса ел қуатты болады." Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып белгіленген.

Хабарландыру! Зертханалық ашық сабақ

23.10.2014 ж. сағ.1505-1610 (А корпусы, 305 аудиториясы)  ХТ-12-3к тобында аға оқытушы Қ. Аманбаева «Қоршаған орта объектілері және сирекметалды  шикізаттың химиясы» пәнінен зертханалық ашық сабақ өткізеді.

Салт-дәстүрді сақтай біл

2014 жылдың Наурыз айының 1 жұлдызында № 6 жатақханада Химия технологиялық факультетіндегі «Силикаттар технологиялары және минералдар синтезі» кафедрасы «Салт-дәстүрді сақтай біл» атты іс-шара өткізді.

Қазіргі Қазақстан қоғамындағы ислам дінінің орны мен рөлі

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де «Электротермиялық өндірісінің технологиясы және металлургия» кафедрасы тәрбие жұмысы бағыты бойынша химия-технологиялық факультетінің 1 курс студенттеріне арнап «Қазіргі Қазақстан қоғамындағы ислам дінінің орны мен рөлі»  тақырыбы бойынша дөңгелек үстел - іс-шарасын ұйымдастырып, өткізді. ХТФ-де  дөңгелек үстел 27.11.2013жылы 127А аудиторисында өткізілді.

Мұнай, газ және полимерлер технологиясы

«Мұнай, газ және полимерлер технологиясы» кафедрасының екі студенті Досмұхамбет Г.И және Махмұт А 2012-2013 оқу жылының қысқы семестрінде Химиялық технологиялық Прага институтында білім алып келді.(Прага қ., Чехия республикасы) Бүгінгі таңда онда ХТ-12-6ра тобының студенті Т Нарметова білім алуда.

Геоэкология және табиғатты пайдалану

«Геоэкология және табиғатты пайдалану» кафедрасының аға оқытушысы Жолдасбекова Нұргүл Шаяхметқызы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша 15.03.2013ж.  - 14.06.2013ж. аралығында Рессейде (Мәскеу қ.) Д.И.Менделеев атындағы Рессей химия- технологиялық университетінде ғылыми іс-тәжириебеден өтті. Ғылыми жетекшісі профессор, т.ғ.д. Кручинина Н.Е. болды.
 

ЖОО-ң үздік оқытушысы

Муталиева Ботагоз Жаксылыккызы, химия ғылымдарының кандидаты, Биотехнология кафедрасының доценті, республикалық конкурсы бойынша Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің   2012 ж «ЖОО-ң үздік оқытушысы» атағын алды.

Беттер