Жаңалықтар

ҚҰТТЫҚТЫЙМЫЗ

     «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының докторантура түлегі

ЖАНИКУЛОВ НУРҒАЛИ НОДЫРҰЛЫН

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 6D072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша докторлық диссертациясын сәтті қорғап, "философия докторы" ғылыми дәрежесін алуымен

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Ғылыми жетекшісі: Т. ғ. к., профессор Джанмулдаева Ж. К.,  т. ғ. д., профессор Таймасов Б. Т.

Шетелдік консультант: В. Г. Шухов атындағыа, РФ, Белгород мемлекеттік университетінің профессоры т. ғ. д.,  Борисов И. Н.

Алдағы ғылыми жұмыста табыс тілейміз!

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»  кафедрасының ұжымы

Кардифф университетінің профессоры (Ұлыбритания) Полина Прокоповичың онлайн дәрісі

Кардифф университетінің профессоры (Ұлыбритания) Полина Прокопович 2020 жылдың қараша - желтоқсан айларында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 7М07162-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы білім беру бағдарламасының магистранттарына "Бейорганикалық қосылыстарды зерттеу әдістері" пәні бойынша дәрістер өткізуде.

  

«Ұрпақтар арқылы жасыл көпір»

2020 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ алғаш рет Green Metric Ranking of World Universities беделді әлемдік рейтингіне қатысып, 458-ші орынға, ал қазақстандық жоғары оқу орындарының ішінде лайықты 6-орынға ие болды. Осы әлемдік рейтингке қатысу аясында университет тұрақты даму және «жасыл» экономика, ғылым мен инновациялық технологияларды дамыту ұстанымдарына сүйенген кадрларды даярлау міндеттері арқылы бас қосқан қатысушылардың - жоғары оқу орындарының ерікті бірлестігі болып табылатын «Ұрпақтар арқылы жасыл көпір» халықаралық ғылыми-ағарту консорциумының мүшесі болды. 

 

ХАБАРЛАНДЫРУ 2

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Жаникулов Нурғали Нодырұлының «Техногенді шикізаттар мен көмір өңдеу қалдықтарын пайдаланып портландцемент және қабырға керамикасның энерго- және қорүнемдеу технологияларын құру» тақырыбындағы диссертациясын алдын-ала қорғауы туралы ақпаратты хабарлайды.

Қорғау тілі – орысша.

ХАБАРЛАНДЫРУ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Ермеков Саят Рахымбайулының «Сулы – тұзды жүйелердегі құрамдық, күйлік, құрылымдық және физика – химиялық өзгерістер заңдылықтарын анықтау, олардың галургиялық технологиядағы қолданбалық маңыздылығы» тақырыбындағы диссертациясын алдын-ала қорғауы туралы ақпаратты хабарлайды.

ХАБАРЛАНДЫРУ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Ермеков Саят Рахымбайулының «Сулы – тұзды жүйелердегі құрамдық, күйлік, құрылымдық және физика – химиялық өзгерістер заңдылықтарын анықтау, олардың галургиялық технологиядағы қолданбалық маңыздылығы» тақырыбындағы диссертациясын алдын-ала қорғауы туралы ақпаратты хабарлайды.

Қорғау тілі – қазақша.

Ғылыми кеңесшілер:

М.Әуезов атындағы ОҚМУ базасында"Әуезов оқулары-18: ұлы Абайдың рухани мұрасы" атты Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция аясындағы EduEnvi жобасымен ұйымдастырылған халықаралық вебинар

«2020 жылдың 23 сәуірінде "Әуезов оқулары-18: ұлы Абайдың рухани мұрасы" атты Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін және олардың әлемдік ғылыми кеңістікке кірігуін арттырудағы Эразмус+ бағдарламасының үлесі"атты 10 секция бойынша халықаралық вебинар өтті. Вебинарға Финляндия, Испания, Дания, Ресей, Қазақстан елдердің университеттерінен 40 адам қатысты.

Экологиялық слет өткізілді.

27.02.2020 жылы Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті және Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Экология» кафедрасымен «Еріктілер жылы» аясында қоғамдық ұйымдар, экологиялық белсенділер, еріктілер және студенттердің қатысуымен экологиялық слет өткізілді. 

 

Беттер