«Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевқа 170 жыл» атты ашық тәрбие сағаты өтті

«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінде «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 23 ақпан күні сағат 11:30  да «Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевқа 170 жыл» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Ашық тәрбие сағатына «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің деканы Болысбек Айдарбек Әлібекұлы, жоғары мектеп деканының орынбасары Байысбай Өмірбек Пернебайұлы, БЗХТ кафедрасының меңгерушісі Айтөреев Мұрат Жарылқасынұлы, тәрбие бөлімінің жоғары білікті маманы Орынбекова Гүлжан, тәрбие бөлімінің «ХИжБТ» жоғары мектебіне жауапты маманы Ақжан Мүхтарқызы, «ХИжБТ» жоғарғы мектебінің аға тәлімгері Сәрсенбаева Айзада Узахбаевна және «ХИж БТ» жоғары мектебінің студенттері мен «БЗХТ» кафедрасының мүғалімдері қатысты.