Жыл Cайынғы Каспий ПетроКонгресс

14 мен 15-сәуір аралағында Алматы қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰУ-де мұнай-газ саласын дамытуға бағытталған іс-шара өтті, бұл  іс-шараға еліміздегі ЖОО студентерімен қатар шетел студенттері де қатысты.

Жыл Сайынғы Каспий ПетроКонгрессінде әртүрлі мұнай-газ саласы компаниялары өкілдерімен студенттер жалпы кездесу алаңы құрды.

Іс-шараның демеушілері осы ұйымдар болып табылады: Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰУ, Chevron, Schlumberger,SPE.

Жыл Сайынғы Каспий ПетроКонгрессінде "OilGames" зияткерлік ойыны өткізілді, мұнай-газ ісі бойынша әртүрлі бағыттағы конференциялар: геология және кен орындарын барлау, өндіру және қайта өңдеу, жас және мақсатты қазақстандық кәсіпкерлер мен бизнесмендерден мастер-класстар. Айта кететін нәрсе, ойындар мен конференциялары ағылшын тілінде өтті.

"Мұнай өңдеу және мұнай химиясы" кафедрасының Органикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығының 3 курс студенті Саттарова Мадинур, «ПКОП ЖШС-ның күкірті резинаның физикалық-механикалық сипаттамаларына әсерін зерттеу» тақырыбын қорғап, жүлделі 3 орынға ие болды .

Ғылыми жетекшілері: Сакибаева - техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Джақыпбекова Н.О.-техника ғылымдарының докторы, профессор.