Жоғары мектеп туралы

Жоғары мектеп  деканы

Болысбек Айдарбек Әлібекұлы

т. ғ. к., доцент 

 

 

 

 

 

 

 

Мекен жайы: Шымкент қ.,160018,Тауке-хан даңғылы 5, ОҚМУ. «А» ғимараты, Ғ.Иляев көшесі 8,. «Химиялық инженерия және биотехнология» Жоғары мектеп деканаты 209, А

Тел: 8(7252) 21-19-76

 

Оқу ісі және тәрбие жұмыстары бойынша декан орынбасары: техника ғылымдарының кандидаты, доцент Байысбай Өмірбек Пернебайұлы

Ғылыми жұмыстар бойынша декан орынбасары: PhD доктор Таубаева Әлия Сабиржанқызы

Администратор: химия ғылымдарының кандидаты, доцент Сарыпбекова Нұрсұлу Көшенқызы

Жоғары мектеп Кеңесінің хатшысы: аға оқытушы Отарбекова Айнагул Ахметовна

 

2014 жылдың 28-ші тамыз айында өткен Ғылыми кеңестің шешіміне сай «Химия-технологиялық» факультеті негізінде «Химиялық инженерия және биотехнология» Жоғары мектебі құрылды.

Жалпы мәліметтер

Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің тарихы 1943 жылдан Шымкент құрылыс материалдары институты ашылған кезден басталған және университеттің ең байырғы және ірі бөлімдерінің бірі болып саналады. Қазіргі заманда жоғары білім берудің басым бағыты ретінде отандық экономиканы жас мамандармен қамтамасыз ету мақсатымен техникалық білім беруді дамыту көзделген. Осыған орай қазіргі кезде қарқынды дамып келе жатқан химия,биотехнология, металлургия, құрылыс, мұнай-газ және өнеркәсіптің басқа да салалары үшін жоғары білікті бакалавларды дайындауға аса маңызды көңіл бөлінуде.

Бүгінгі таңда жоғары мектепте 24 ғылым докторлары мен 72 ғылым кандидаттары, 6 PhD докторы және 42 ғылым магистрлері жұмыс істейді. Жоғары мектептің ғылыми-зерттеу жұмыстары бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, құрылыс және силикат материалдарының технологиясы, металлургия, плазмохимия, электрохимия, қолданбалы экология,биотехнология, мұнай-химия салалары бойынша халықаралық дәрежеде танылған ғылыми орталықтарда жүргізіледі.

Жоғары мектепте магистратура және рhD докторантурасы бар. Жоғары мектептің материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға сай жабдықталған. 2008 жылы ASIIN агенттігінде Жоғары мектептің келесі білім бағдарламалары халықаралық аккредиттеуден өтті: Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, Цемент, керамика және шыны технологиясы, Химия, Экология, Биотехнология, Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы. «Экология» кафедрасында Гамбург қолданбалы ғылымдар университетімен (Германия) бірлесе отырып, магистранттарды дайындау жүзеге асыруда.

Оқу үрдісі Мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру технологиялары бойынша ұйымдастырылған. Студенттерді кредиттік жүйе бойынша оқыту үшін Жоғары мектепте кітап қорын оқу-әдістемелік әдебиеттермен толтыру, оқыту үрдістеріне жаңа инновациялық технологияларды енгізу, оқу үрдісін ақпараттандыру және компьютерлендіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Барлық кафедраларда корпоративтік торап арқылы Интернетке қосылған компьютерлік сыныптар бар.

Миссиясы

Жоғары мектеп 7 мамандық бойынша жоғары білікті мамандар дайындайды:

5В060600 - Химия

5В060800 - Экология

5В070100 - Биотехнология

5В070900 - Металлургия

5В072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

5В072100 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы

5В075300-Баяу балқитын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиялары

Бағдарлама

Бакалавр-мамандарды дайындау кредиттік жүйе бойынша жүзеге асырылады. Қазіргі таңда үшдеңгейлі кадрларды дайындау іске аырылуда:

Бакалавриат:

5В060600 - Химия

5В060800 - Экология

5В070100 - Биотехнология

5В070900 - Металлургия

5В072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

5В072100 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы

5В075300-Баяу балқитын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиялары

Магистратура:

6М060600-Химия

6М060800-Экология

6М070100 - Биотехнология

6М072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

6М072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Докторантура PhD:

6D072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

6D072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы

6D070100 - Биотехнология

Студенттік өмір

Химиялық инженерия және биотехнология» Жоғары мектеп тек ғана КТК көшбасшыларының («ТехАС»; «Мультфильм»; «Шымқала» және т.б.), ұясы ғана емес, сонымен қатар дебаттық клубтарының да. «Жаңғырық» дебаттық клубының көшбасшылары Жунисов Д., Есеналиев Ж., Сейдазимова А. Бірнеше рет дебаттық сайыстардың жеңімпаздары атанған.

Жоғары мектепте студенттер Ассамблеясымен, Қазақстан студенттерінің Альянсымен, «Жас Отан» жастар қанатымен, «Жасыл ел» облыстық экологиялық жасағымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Жоғары мектептің 325 студенті қоғамдық жұмыстардың түрлі секцияларымен айналысуда.

Химиялық инженерия және биотехнология» Жоғары мектебінің тәрбие жұмысы

Қазіргі таңда Химиялық инженерия және биотехнология» Жоғары мектебінде 1156 студент білім алуда, соның ішінде мемелекеттік грант бойынша 743 және 413 студент ақылы негізінде. Оқу жылы басында Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің деканы т.ғ.к., доцент А. Ә. Болысбектің өкімімен әр академиялық топқа тәлімгер және топ басшылары тағайындалады. 2015/2016 оқу жылында Химиялық инженерия және биотехнология» Жоғары мектебінде барлығы 90 академиялық топ бар, сонымен қатар оқу жылы басында Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің деканының өкімімен жоғары мектеп аға тәлімгері және кафедра аға тәлімгерлері тағайындалады. Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің аға тәлімгерлік қызметін «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» кафедрасының аға оқытушысы Сәрсенбаева Айзада Ұзақбайқызы атқарады. Сонымен қатар, жоғары мектеп тәлімгерлерінің құрамы мен жұмыс жоспары қаралып бекітіледі, тәлімгерлер Кеңесінің төрағасы жоғары мектеп деканы А. Ә. Болысбек болып табылады.

Жоғары мектепте студенттік өзін-өзі басқару құрылымы, студенттік Кеңес белсенділік танытады. Студенттік декан ХТ-13-2к3 тобының студенті Мұстафа Қамбар Бегалыұлы.

Химиялық инженерия және биотехнология» Жоғары мектебінің тәрбие жұмысы негізгі тоғыз бағыт бойынша жүргізілуде:

  • Қоғамдық-саяси және құқықтық іс-шаралар;
  • Интернационалдық және патриоттық тәрбие;
  • Діни экстремизм мен халықаралық терроризмнің алдын алу іс-шаралары;
  • Адамгершілік-мәдени және эстетикалық тәрбие;
  • Ғылыми-зерттеу және шығармашылық іс-шаралар;
  • Жатақханадағы іс-шаралар;
  • Студенттерді спорттың бұқаралық түрлеріне тарту және салауатты өмір салтын насихаттау іс-шаралары;
  • Студенттерге кәсіби тәрбие беру іс-шаралары;
  • Жетім, жартылай жетім, табысы аз және көпбалалы отбасы мүшелері студенттерге қайырымдылық көмегін көрсету іс-шаралары.

Жоғары мектептегі 11 ғылыми-студенттік үйірмелерге студенттік жастарды топтастырып ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталандырады. Сол үйірмелердегі студенттер халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға қатысып, көптеген жүлделердің жеңімпаздары атанды.

Біздің түлектер

Біздің жоғары мектеп түлектері – еліміздің ірі өндірістік кәсіпорындарда, республикалық ғылыми-зерттеу институттарында және ғылыми зертханаларда жұмыс істейді.

Талапкерге

Жоғары мектеп мамандықтары:

5В060600 - «ХИМИЯ»

Біліктілігі: Химия бакалавры

Мамандандырулары:

  • Химиялық, криминалистикалық және экологиялық сараптау;
  • Өнеркәсіп және азық-түлік тауарларының сараптамасы;
  • Сирек элементтер химиясы;
  • Аналитикалық хими;я

Бітіруші түлектердің жұмыс орындары:

Ішкi iстер орындары, кеден және салық полициясы, сараптау органдары, экология комитетi, қоршаған ортаны қорғау мекемелері, мұнай-химия, тамақ, тоқыма, химия, санитарлы-эпидемиологиялық және фармакология өндірісіндегі лабораториялар, жеңіл және тамақ, құрылыс материалдары және керамика өндірістері.

5В0060800-«ЭКОЛОГИЯ»

Біліктілігі: Экология бакалавры

Бітіруші түлектердің жұмыс орындары:

Барлық деңгейдегі экологиялық мекемелер, қорықтар, жер комитеттері, су ресурстарын реттеу, пайдалану және қорғау мекемелерi, ауа-райын болжау станциялары, су қорғау инспекциялары, ғылыми зерттеу институттары, халық шаруашылығының барлық өнеркәсіптік кәсіпорындары, экономикалық салалар, білім мекемелері

5В070100 – «БИОТЕХНОЛОГИЯ»

Біліктілігі: Биотехнология бакалавры

Бітіруші түлектердің жұмыс орындары:

«Шымкент сыра» ААҚ, «Шымкент химфарм» АҚ, «Гидролиз заводы» АҚ, нан, сүт, май, сусын, сыра, шарап, спирт заводтары мен кондитер фабрикалары және барлық азық-түлік өндіріс орындары, СЭС, биокомбинаттар. Ғылыми-зерттеу мекемелері, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалары, білім беру мекемелері, жоғарғы және орта оқу орындары, табиғатты қорғау мекемелері, ағын суды биологиялық тазалау станциялары, агроөнеркәсіптік кешендерінді.

5В070900 – «МЕТАЛЛУРГИЯ»

Біліктілігі: Металлургия бакалавры

Мамандандырулары:

  • Қара металдар металургиясы
  • Түсті металдар металургиясы
  • Электрометалургия

Бітіруші түлектердің жұмыс орындары:

Ачполиметал, Оңтүстiк полиметал, Талдықорған аккумулятор зауыты, Балқаш мыс, Жезқазған мыс, Қазақ мырыш, ферробалқымалар өнеркәсiптерi, металлургия және байыту институты, Теміртау – болат, ферробалқымалар өндірісі, Ақтөбе, Ақсу, Тараз – ферробалқымалар өндірісі, мырыш, қорғасын, ядролық отын, алтын, күміс, титан сирек жер элементтер өндірісі, уран алудың аралық материалдар өндірісі, Павлодар – алюминий өндірістері, жоғары оқу орындары.

5В072000 - «БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»

Біліктілігі: Химиялық технологияның бакалавры

Мамандандырулары:

  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы
  • Плазмохимиялық және электротермиялық үрдістердің технологиясы
  • Нанотехнология
  • Ядролық-химиялық технология
  • Мембраналық технология
  • Электрохимиялық өндірістер технологиясы

Бітіруші түлектердің жұмыс орындары:

Ғылыми-ізденушілік және жобалау институттары, оқу орындары, Оңтүстік жару өндірісі, Жаңатас жарылғыш материалдар зауыты, Химиялық өнеркәсiптердiң техникалық қауiпсiздiк бөлімдері, Ачполиметалл, Талдықорған аккумулятор зауыты, Жезқазған мыс, Қазақ мырыш, ферробалқымалар өнеркәсiптерi, электрокорундтар, кальций және т.б.

5В072100 – «ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»

Біліктілігі: Органикалық заттардың химиялық технологиясы бакалавры

Мамандандырулары:

  • Мұнай, газ және көмірдің химиялық технологиясы;
  • Мұнай,химия өндірісінің технологиясы;
  • Көмірсутектерді, шикізаттарды дайындау, өндіру және тасымалдау процестерінің химиялық технологиясы

Бітіруші түлектердің жұмыс орындары:

Қазақстан Республикасының мұнай мен газды өңдеу зауыттары, Атырау МӨЗ, Шымкент МӨЗ, Павлодар МХЗ, Қазақ ГӨЗ, Жаңажол ГӨЗ, КазТрансОйл, КазТрансГаз, КазМұнайГаз), мұнай, газ және көмірді өндіру, тасымалдау және сақтайтын кәсіпорындары; ғылыми-зерттеу және жобалау институттары мен мекемелері; жоғары және орта кәсіптік оқу орындары; облыстық, қалалық және аудандық мұнай, газ және көмірмен қамтамасыз ету базалары.

5В075300 – «БАЯУ БАЛҚИТЫН БЕЙМЕТАЛ ЖӘНЕ СИЛИКАТТЫ МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ»

Біліктілігі: Химиялық технологияның бакалавры

Бітіруші түлектердің жұмыс орындары:

Цемент, керамикалық және силикатты кірпіштер, пеноблоктар, шифер, черепица, асбестоцемент бұйымдары, фосфор, фаянс, құрғақ құрылыс қоспалары, гипс, әк тас, техникалық керамика, отқа және қышқылға төзімді заттар, шыны, сұйық шыны өндіретін өндіріс орындарында.

 

Студенттерге ағылшын тілінде білім беру

2004 жылы химия-технологиялық факультетте ағылшын тілінде білім беру басталды, бұл кезде 050720-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы және 050731 –Табиғатты қорғау және тіршілік қауіпсіздігі мамандықтарының 2 курс студенттері ағылшын тілінде білім ала бастады. 2006 жылдан бастап факультеттің көптеген мамандықтарының бірінші курс студенттері ағылшын тілінде білім алуды бастады. Қазіргі таңда екі жыл ағылшын топта білім алған студенттер оқуларын аяқтап шықты, олар дипломдық жұмыстары мен дипломдарын ағылшын тілінде орындап қорғады. 2009-2010 оқу жылында барлық курстардың 7 мамандықтары мен мамандырылулары ағылшын тілінде білім алуда. Студенттерді арнайы топтарға іріктеу оқу жылының басында «Техникалық мамандықтарға арналған шет тілі» кафедрасының және лингвистикалық орталық оқытушылары жүргізетін тестілеу нәтижелерінің негізінде жүргізіледі. Бүгінгі күнде ағылшын топтарында білім алатын студенттердің жалпы саны 154 адам немесе факультеттің студенттер контингентінің 17,2% құрайды. 80 пән бойынша сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі, олардың көбі арнайы пәндер болып табылады. Бірінші курстың студенттері келесі жалпы білім беру пәндерді ағылшын тілінде оқып үйренеді: «Химия», «Жалпы және бейорганикалық химия», «Физика», «Аналитикалық химия» және «Химиялық талдау». Студенттерді барлық пәндердің шамамен 60% ағылшын тілінде оқып үйренеді. Ағылшын тілінде білім берумен қамту жалпы білім беру пәндер бойынша – 40%, 3 курстың арнайы пәндері бойынша - 80%, 4 курста – 90% құрайды.

Оқу процесін ағылшын тілінде білім беретін кадрлармен қамтамасыз ету үшін ағылшын тілін жоғары деңгейде игерген оқытушылар тартылған (ағылшын тілінің курсын бітіріп шыққандар, сертифакаты немесе ағылшын тілінде білім беру тәжірибесі барлар, сонымен қатар ағылшын тілі бойынша базалық білімі барлар). Ағылшын тілін игеру деңгейін жоғарылату мақсатымен оқытушылар университеттің Лингвистикалық орталығы ұйымдастыратын Pre-intermediate и Intermediate деңгейлерінің курстарында дайындығын жалғастырады.

Ағылшын топтарында білім алатын студенттердің білім деңгейі өте жоғары – студенттер көпшілігі грантта оқиды және сессияны «жақсы» және «өте жақсы» деген бағаларға тапсырады, ал 4 курстың екі тобы жазғы емтихан сессиясын тек қана «өте жақсы» деген бағамен тапсырып шықты. Ағылшын топтарының 2-4 курс студенттері ғылыми-зерттеулік жұмыстармен айналысады, студенттік ғылыми конференцияларға қатысып жеңімпазы аталады. 2008 жылы 4 курс студенттері  ASIIN герман агенттігі жүргізген университетіміздің 4 мамандығын аккредитациялаудың қорытынды сатысынга қатысты. Өздерінің ғылыми жұмыстарын презентациялау және сарапшылармен сұқбаттасу барысында студенттер ағылшын тілін жоғары деңгейде игергенін, оқытылатын пәндер бойынша терең білімін және ғылыми зерттеулер жүргізуге қызығушылығын көрсетті.  

Ағылшын тілінде оқытылатын пәндердің барлығы оқу-әдістемелік кешендермен, яғни стеденттерге қажет барлық материалдар қамтамасыз етілген. Университеттің білім-ақпараттық орталығында көптеген жалпы білім беру пәндер бойынша (жалпы, бейорганикалық, органикалық, аналитикалық и физикалық химия, физика) оқу әдебиеттері баршылық. Сонымен қатар «Кристаллография және минералогия», «қатты заттардың химиялық технологиясы», «Экология», «Саланың экологиялық мәселелері», «Квантты химия» және басқа да арнайы пәндерден оқулықтар бар. Барлық пәндерді оқу-әдістемелік әдебиеттермен толық қамтамасыз ету мақсатында ағылшын тілінде сабақ беретін оқытушылар сабақтың барлық түрлері бойынша әдістемелік құралдар дайындаумен айналысады. 2004-2009 жылдар аралығында факультеттің оқытушылары 52 жұмысты баспадан шығарған, оның ішінде 2 оқулық, 14 оқу құралы және 36 әдістемелік нұсқаулар. Олардың ішіндегі маңыздылары:

Кафедра

Автордың ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі

Оқу-әдістемелік әдебиеттің аталуы, түрі, көлемі

1

ТПжА

Т.ғ.к., доцент Сейтмагзимова Г.М.

General chemical technology / Оқу құралы, 2005, 68б.

2

ЭХТ

Х.ғ.д., доцент Сабиров В.Х.

Х.ғ.д., профессор Назарбекова С.П.

Introduction to Quantum Chemistry / Оқулық, 2007, 166б.

3

ЭХТ

Х.ғ.д., профессор Назарбекова С.П.

Chemical Compounds Classification / Оқу құралы, 2007, 40б.

4

ТПжА

Т.ғ.к., доцент Сейтмагзимова Г.М.

The technology of Mineral Acids / Оқу құралы, 2007, 68б.

5

ЭХТ

Х.ғ.д., профессор Назарбекова С.П.

Guide for independent study of chemistry/ Оқу құралы, 2007, 56б.

6

БЗХТ

Аға оқытушы, Ескендирова М.М.

Environmental problems of technology of inorganic substances / Оқу құралы, 2008, 80 б.

7

ҚжСМТ

Т-м.ғ.д., профессор Есимов Б.О.

Т.ғ.к., доцент Адырбаева Т.А.

Аға оқытушы Дубинина Е.С.

Crystallorgaphy and mineralogy. Part 1. Crystallorgaphy / Оқу құралы, 1 бөлім, 2008, 60б.

8

МГжПТ

Т.ғ.к., доцент Бекмуханбетова Д.

«Environmental problems of petrochemistry» / Оқу құралы (лекциялар жинағы) , 2008, 40б.

8

ЭХТ

Х.ғ.д., доцент Сабиров В.Х.

Х.ғ.д., профессор Назарбекова С.П.

Bases of chemical kinetics and catalysis / Оқылық, 2009, 131б.

9

ЭХТ

Т.ғ.к., доцент Тукибаева А.

“Chemistry of functional derivatives of organic molecules” / Оқу құралы, 2009, 82б.

10

БЗХТ

Аға оқытушы Ескендирова М.М.

The technology of household chemical goods production / Оқу құралы, 2009, 98 б.

11

ҚжСМТ

Т-м.ғ.д., профессор Есимов Б.О.

Т.ғ.к., доцент Адырбаева Т.А.

Аға оқытушы Дубинина Е.С.

Crystallorgaphy and mineralogy. Part 2. Mineralogy / Оқу құралы, 2 бөлім, 2009, 127б.

Қате | "Химиялық инженерия және биотехнология" жоғары мектебі

Error message

  • Warning: Cannot modify header information - headers already sent by (output started at /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/common.inc:2726) in drupal_send_headers() (line 1233 of /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/bootstrap.inc).
  • PDOException: SQLSTATE[HY000]: General error: 2006 MySQL server has gone away: SELECT 1 AS expression FROM {variable} variable WHERE ( (name = :db_condition_placeholder_0) ); Array ( [:db_condition_placeholder_0] => cron_last ) in variable_set() (line 992 of /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/bootstrap.inc).

Қате

The website encountered an unexpected error. Please try again later.

Uncaught exception thrown in shutdown function.

PDOException: SQLSTATE[HY000]: General error: 2006 MySQL server has gone away: DELETE FROM {semaphore} WHERE (value = :db_condition_placeholder_0) ; Array ( [:db_condition_placeholder_0] => 73124973597c7f47f35fb1.61288973 ) in lock_release_all() (line 269 of /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/lock.inc).



Fatal error: Uncaught exception 'PDOException' with message 'SQLSTATE[HY000]: General error: 2006 MySQL server has gone away' in /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/database/database.inc:2171 Stack trace: #0 /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/database/database.inc(2171): PDOStatement->execute(Array) #1 /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/database/database.inc(683): DatabaseStatementBase->execute(Array, Array) #2 /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/database/database.inc(2350): DatabaseConnection->query('SELECT expire, ...', Array, Array) #3 /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/lock.inc(167): db_query('SELECT expire, ...', Array) #4 /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/lock.inc(146): lock_may_be_available('schema:runtime:...') #5 /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/bootstrap.inc(433): lock_acquire('schema:runtime:...') #6 /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/bootstrap.inc(455): DrupalCacheArray->set(Array) #7 [internal func in /usr/home/webmaster/data/www/xt.ukgu.kz/includes/database/database.inc on line 2171