Жаңалықтар

Жаңалықтар

 

2018 жылдың 11 маусымында М.Әуезов атындағы  ОҚМУ-нің бірінші ғимаратының  «Химия және химиялық технология негіздері» кафедрасының базасында химия ғылымдарының докторы, профессор И.К.Сатаевтың атындағы (ауд. 412 А) – коллоидтық химия зертханасы ашылды. Зертхананың ашылу салтанатына т.ғ.д., профессор Айменов Ж.Т., т.ғ.д., профессор Молдабеков Ш. М., г-м.ғ.д., профессор Есімов Б.О., «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің профессор-оқытушылар құрамы, И.К. Сатаевтың  әріптестері мен туыстары қатысты.

И.К.Сатаев атындағы зертхананың ашылуы М.Әуезов атындағы  ОҚМУ-нің 75 жылдығына арналған іс-шаралар аясында өткізілді.

Ғалым Сатаев Исақ Қоханбайұлы есімі коллоидтық және физикалық химия саласындағы ғылыми бағыттардың дамуымен тығыз байланысты. Кафедраның қалыптасуы мен қызметіне қосқан елеулі үлесі ғылыми ортада кеңінен танылды. Химия ғылымдарының докторы, профессор Сатаев И. К. 1985 жылдан 2000 жылға дейін «Физикалық және коллоидтық химия» кафедрасын басқарды, 39 ғылым кандидатын және 3 ғылым докторын дайындады. 340 ғылыми еңбектің, 37 авторлық куәліктің және 16 патенттің авторы.

1997-2000 жж. «Физикалық және коллоидтық химия» кафедрасының базасында 02.00.11 - Коллоидтық химия (техникалық ғылымдар) мамандығы бойынша ғылым кандидаттарын дайындау бойынша Қазақстан Республикасындағы жалғыз диссертациялық Кеңес ашылды. Бұл кеңесте 30 адам кандидаттық диссертация қорғады, оның ішінде 12 аспирант профессор И. К. Сатаевтың жетекшілігімен диссертация қорғады.

Мемлекеттік грант иегері  «2018 жылдың ЖОО үздік  оқытушысы»

    техника ғылымдарының кандидаты, доцент Суйгенбаева Әлия Жолдасбекқызын

Құттықтаймыз !!!

М.Әуезов атындағы ОҚМУ Түркістан облыстық білім беру басқармасымен бірлесе отырып облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында химия пәнінен ІІ облыстық Менделеев олимпиадасын өткізді.

2019 жылдың 04-15 ақпаны аралығында облыстың барлық аудандық, қалалық оқу орындарында теориялық тур өтті. Бірінші (теориялық) турға 9-11 сыныптардың 1216 оқушысы қатысты (9 сынып – 398 оқушы, 10 сынып – 389 оқушы, 11 сынып – 429 оқушы). Теориялық турдың тапсырмаларын университет оқытушылары дайындады және оның нәтижелері бойынша бірінші турдың жеңімпаздарын анықтады.