Жаңалықтар

    2019 жылдың мамыр айының 20 жұлдызында  «Экология» кафедрасының  студенттер мен бітірген түлектер арасындағы «Білімді мыңды жығады білікті бірді жығады» тақырыбында  дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстел кезінде жоғарғы мектеп деканы т.ғ.к., доцент Болысбек Айдар, Экология кафедрасының меңгерушісі  Шыңғысбаева Ж., ЖЭО-3 бас экологы Қалдыгозов Талғат, Сайрам Өгем ұлттық парк қызметкерлері және кафедра  доценты  Ғ.М Изтлеуов   сөз сөйледі.

2019 жылдың 19 сәуір күні «Экология» кафедрасы «5В060800-Экология» мамандығының студенттерімен бірге «Жер күніне» арналған «Қалдықты бөліп жинау» экологиялық акциясын өткізді. Акция кезінде «ХИ и БТ» жоғары мектебінің деканы т.ғ.к., доцент Болысбек А.А., «Экология» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., профессор Шингисбаева Ж.А. және 3 курс студенттері К.Шаметова, К.Айтбаев, А. Абен сөз сөйледі. Олар университет студенттерінің барлығын осы іс-шараға ат салысуға шақырды. Бұл іс-шараға өте жоғары белсенділікті 3 курс ХТ-16-4р тобының студенттері танытты, олар қалдықтарды жинау және оларды сорттауға көмектесті.

№1 оқу ғимаратының (Ғ. Иляев 5) бірінші қабатында пластикалық бөтелке, қағаз және істен шыққан батарейкаларды жинау үшін контейнерлер ашылды.

Мамандық таңдау  ол болашаққа көзқарас

     Мамандық таңдау адам үшін маңызды шешімдерінің бірі. Бұл таңдау мамандық адам өмірінде қандай орын алатынын көрсетеді, өзінің болашақ

мамандық ерекшеліктері басқа өмірлік құндылықтар мен жоспарларға қатысты болатынын білдіреді. Сол сияқты «Экология» кафедрасында 10-22 сәуір аралығында академиялық топтар арасында "Менің сүйікті мамандығым"  атты байқау өтті.  Байқау Дүниежүзілік Экологиялық планета күніне орайластырылған.  Байқауға 1-3 курс арасындағы  топтар қатысты. Өз видеороликтерінде студенттер таңдаған мамандығына көзқарастарын білдіріп, өз мақсаттарына нақты көз жеткізді. Байқау нәтижесі бойынша студенттер сыйлықтармен марапатталды:

1орын – ХТ-16-4р

2орын – ХТ-16-4к2

3орын – ХТ-17-4к2   

 

G Global платформасында онлайн бейнеконференция өтуі туралы.

23.04.2019 ж. "Экология" кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп G-Global платформасында "Көлік және қоршаған орта" тақырыбында  "Рухани жаңғыру" бағдарламасы, Erasmus+ халықаралық жобасының "Жоғары жылдамдықты темір жолдар экономикасы, экологиясы және инфрақұрылымы" тақырыбында онлайн-бейнеконференция өткізілді.

Бейнеконференцияға "Экология", "Көлік, тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалыс" кафедраларының оқытушылары, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Халықаралық ынтымақтастық орталығының өкілдері, Г.В.Телегина - Тюмень мемлекеттік университеті, РИМС директоры, серіктес елдерден TREASURE WATER жобасының үйлестірушісі, профессор Эдгар Вагнер - TREASURE WATER жобасы бойынша жетекші, ЖОО жобасын үйлестіруші орынбасары - профессор Эдгар Вагнер, Альберт Людвиг университеті, Фрайбург қ., Германия, Зура Сансызбаева - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ "EEIHSR" жобасының үйлестірушісі, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг" кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, Гуманитарлық-техникалық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті және Шымкент қаласының жаңа технологиялар колледжінің өкілдері қатысты.

Тыңдаушы тақырыптар бойынша баяндамалар талқыланды:

1.«Шымкент қаласында экологиялық таза транспорттың даму мәселелері» - Изтлеуов Г.М. х.ғ.к.,«Экология» кафедрасының доценті, М.Ауезов атындағы ОҚМУ

2. «Использование отходов строящегося содового завода для безопасности движения транспорта»Капсалямов Бауыржан Ауеханович.   д.т.н, профессор, Л.Н.Гумилев атындағыЕНУ

3. «Автокөлікке пайдаланатын жанар жағар майдың экологиялық таза баламалы түрлерін пайдалану мәселесі»- Исаева Р.А. т.ғ.к., «Экология» кафедрасының доценті, М.Ауезов атындағы ОҚМУ

4. «Генезис становления транспортной цивилизации евразийских номадов»-Нурушев Мурат Жусыпбекович.  д.б.н, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы ЕНУ

5. «Автотранспорт жолы бойындағы элементтердің миграциялық қасиеттерінің өсімдіктерге және ауылшаруашылық өнімдерінің сапалық көрсеткіштеріне әсерін зерттеу» -Утебаев А.А. т.ғ.к., «Экология» кафедрасының доценті, М.Ауезов атындағы ОҚМУ

6.   «Автотранспорттың қоршаған ортаға әсері» - Масенов Қайрат Багашарович. к.т.н, доцент,.Л.Н.Гумилев атындағы ЕНУ.

Бұл мәселелерді талқылауға барлық қатысушылар қатысты. Бейнеконференцияға қатысушылар көліктің экологиялық қауіпсіздігі проблемаларының өзектілігін және оны пайдаланудың қоршаған ортаға әсерін атап өтті: іргелі білім беру, ғылыми зерттеулер бойынша бірлескен іс-қимылдар бағдарламаларын әзірлеу және көліктің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ететін ғылыми жобаларды іске асыру мақсатында құзыретті ұйымдардың ынтымақтастық қажеттілігіне тоқталды.

"Экология" кафедрасының профессоры, т.ғ.к. Ж.А.Шингисбаева конференцияның барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты. Біздің университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үміт білдірді.

5В060800-«Экология» кафедрасының студенттері дипломдық жұмыстарын қорғауы  жоғары деңгейде  өтті. Түлектерді шын жүректен құттықтап, Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының  төрағасы  Қалдыкозов Талғат магистратураға түсуге ұсыныс білдірді.


    «Экология» кафедрасының оқытушылары Сатаева Л.М., Таубаева А.С 26.05.2018-04.06.2018 жыл аралығында Пекин химиялық-технологиялық университетінде (Пекин қ., Қытай) ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама барысында оқытушылар университетпен, магистранттардың ғылыми зертханаларымен танысты,   Қытайдың табиғи жерүсті суларын тазалаудың негізгі әдістері мен тазартқыш құралдарымен танысты.


6М060800-Экология мамандығы бойынша  маусым  айында өткен диссертациялық  жұмысты  қорғау кезеңі.

6М060800-экология мамандығы бойынша  маусым  айында өткен диссертациялық  жұмысты  қорғау  қатысқан магситранттар.