Жаңалықтар

Жаңалықтар

  1. "Металлургия" кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Виктор Михайлович Шевко ҚР БҒМ өткізген конкурс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының "ЖОО-ның үздік оқытушысы-2018" атағы берілді.

"Металлургия" кафедрасының ұжымы Виктор Михайловичті құттықтай отырып, жемісті ғылыми-оқытушылық ғұмыр тілейді.

“Металлургия” кафедрасындаҰлттық бірегейлікті сақтауаясында«Латын әріптерінің емле ережелері» атты іс-шара өтті. Латын әліпбиінің ережелерімен таныстыру лекцияларын ұйымдастыруіс-шарасы негізінде түсіндірме лекция 2018 ж. қараша айының 15 күні болып өтті және кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты.

Сіздерді 1 қыркүйек-Білім күнімен құттықтаймын!​

 

Бірінші қыркүйек-әрқайсысына жақын ерекше мереке. Қандай биіктерге жетсе де, адамдар үлкен өмір жолын 1 қыркүйектен бастайды деп айтуға болады. Осы күннен бастап әрқайсымыз үшін қиын да, бірақ өте қызықты жол басталған немесе басталады. Бірінші курс студенттері үшін қыркүйектің бірінші күні- өзін-өзі айқындау, жоспарларды орындау, ең батыл идеяларды іске асыру күні деп айтуға болады. Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу үшін, күнделікті қажырлы еңбегі, кәсібилігі мен даналығы үшін, үлкен жауапкершілікті жүктеген оқытушыларға ерекше алғыс пен ризашылығымды білдіргім келеді. Күздің алғашқы күні-жаңа білім алу күні, студенттер мен оқытушыларға табысты ынтымақтастық, өзара сыйластық тілегім келеді. Студенттерге еңбексүйгіштік, өз күштеріне сенімділік және жаңа білім беру шыңдарын бағындыруды, ал оқытушыларға даналық пен шыдамдылық, жұмыста шығармашылық көңіл-күй, бақыт пен амандық тілеймін.

  "Металлургия" кафедрасы меңгерушісінің м. а. - Қабылбекова Балжан Нұрманқызы

 

2018 жылдың 18 қазанында 5В070900, 6М070900 -"Металлургия" мамандығы бойынша білім алушылардың жұмыс берушілермен кездесуі өтті. Кездесу М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің А ғимараты 127-аудиториясында өтті.

        Іс – шараға металлургиялық өнеркәсіп саласындағы Шымкент қаласының жетекші ұйымдарының өкілдері қатысты – олар: Лешко Д. - "Шымкент Темір" балқыту цехының бастығы, Құмарбеков С. – "Феррум Втор" сапа менеджері, Потехин П. - "Шымкент Темір" IT қызметінің бастығы , сондай-ақ "Металлургия" кафедрасының 90-ға жуық студенттері мен магистранттары.

       Кәсіпорын өкілдері студенттер алдында сөз сөйлеп, металлургия өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жұмысының ерекшелігі, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, шарттары, бос жұмыс орындары және одан әрі мансаптық өсу перспективалары туралы айтып берді. Барлық студенттер іс-шараның ресми бөлімінен кейін ұйым өкілдерімен жеке сөйлесіп, әрі қарай жұмысқа орналасу үшін байланыс мәліметтерін ала алды.

      Оқу орнын бітірер алдында жұмыс берушілермен "сұрақ-жауап" форматында кездесу, студенттерге кәсіпорынға жұмысқа орналасу, әлеуметтік кепілдіктер мен кәсіптегі ары қарай өсу мүмкіндіктері туралы өздерін қызықтырған сұрақтар қоюға және оларға толыққанды жауап алуға мүмкіндік берді.

 

2017 жылы 24 қараша, сағат 15:00-деМ.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің“А” Оқу ғимаратының 127 дәрісханасында “АРХИМЕД&Perpetuum mobileатты жас конструкторлар мен дизайнерлердің Кіші Академиясы мен “Химиялық инженерия және биотехнология” жоғарғы мектебінің ұйымдастыруымен М.Әуезов ОҚМУ-нің жетекші ғалымдарының мектеп оқушыларымен,студенттерімен кездесуі өтті.

   

 


2017 жылдың 4-желтоқсанында М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ң №1 Оқу ғимаратының 127 дәрісханасында «Назарбаев Университеті» Дербес білім беру ұйымының лекторы, профессор Сай Фок Чонг «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің ағылшын тілінде білім алатын студенттеріне «Интелектуальные виртуальные среды для разработки и реализации продуктов» тақырыбында дәріс оқыды.