Жаңалықтар

        Жылдың үздік оқытушысы
        
        2016 жылдың « ЖОО үздік оқытушысы»  атағын беру бойынша  конкурстық комиссиясының мәжілісі нәтижесінде елдің түкпір түкпірінен 200 білім қызметкерлері құрметті атаққа ие болды. Олардың ішінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы»  кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы  Бейсенбаев Орал Курганбекович те бар. Орал Курганбековичтің педагогикалық қызметінің жоғары нәтижелері мен  оның белсенді ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары грантқа ие болудың кепілі, ол деген дүние жүзінің алдыңғы қатарлы университеттерінде,шет елдерде біліктілігін жоғарылатуға,өзінің көптеген ғылыми және білім беру жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді. 
        «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» кафедрасы профессор  Бейсенбаев О.К. құттықтайды және творчестволық табыс, ерекше идеялар мен жаңа биік шыңдарға жете беруге тілек білдіреді! 

        Ашық есік күндері 2017! 
           
        М. Әуезов атындағы ОҚМУ бас ғимаратында 2017 жылғы 17 наурызда жоо ең езелгі кафедрасаының бірі «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» қонақтарды қабылдады. Талапкерлер білім беру бағдарламасын іске асыратын кафедраның жұмысы туралы толық ақпарат алуға, студенттер және оқытушылармен сұхбаттаасуға, өндіріс орындарының өкілдерінен пікірлерін  тыңдауға мүмкіндіктері болды.

        Олимпиада жарысы
        
        Аль-Фараби атындағы ҚазҰТУ 29 мен 31 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары арасында «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша жылда болатын  пәндік олимпиада өткізілді.Олимпиаданыңы бірінші кезеңінде төрт пән Жалпы химиялық  технология, Химиялық  технологияның процестері мен  аппараттары,Органикалық синтездің  технологиясы және  Органикаылқ  химия.  Біздің университеттен құрамында 7 адамнан тұратын «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» кафедрасының студенттері Саттарова М, Альчикенова А., Казыбаева М., Торгалыккызы А., Абай Н., Талапбек Т.  «Евро-5»   командасы қатысты. Команда жақсы нәтижелер көрсетті, яғни топтың жарыста межелі 3 орынды иеленді.Сонымен қатар, команда  капитаны  ХТ-14-6р2 тобывның студенті Саттарова Мадинур «Модернизация процесса тяжелого нефтяного сырья каталитического крекинга» тақырыппен баяндама жасады және жеке жарыста 1 орынды иеленді. 
        
        А.Ш. Есенов атындағы ғылыми- білім беру фондының стипендиаты
            
        Академик Шахмардан Есенов атындағы атындағы ғылыми- білім беру фонды 2013 жылдан бастап мұнайгаз мамандығы бойынша білім алатын үздік студенттерге шәкіртақы бөлінеді. 2017 жылы Академиктің 90-жылдығына фонд 20 шәкіртақы тағайындады. Конкурсқа  қатысушылар арасында елдің 50 аса жоо студенттері болды. Жіберілген эссе негізінде конкурс екі этапта өтті.Критерий бойынша сұхбаттаасудан кейін екінші турға өткен претенденттер  фондтың қызметкерлерімен іскерлік ойынға қатысты. Екі тур нәтижесі бойынша  жеңімпаздардың есімі хабарланды. «ХИиБТ» Жоғары мектебі «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» кафедрасының 3 курс студенті Саттарова Мадинур   Шахмардан  Есенов атындағы шәкіртақы иегері атанды. 
        
        РОӘС мәжілісі
        
        М.Әуезов атындағы ОҚМУ базасында 31 март күні секцияның мәжілісі өтті 
        М.Әуезов атындағы ОҚМУ базасында 31 март күні  РОӘС  «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» секциясының мәжілісі өтті, онда осы бағыт бойынша дайындайтын республиканың барлық  жоо  өкілдері қатысты. 
        Мәжілісте студенттердің үздік диплом  жұмыстарының конкурсы өткізілді. Нәтижелері бойынша үздік жұмыстар келесі тізіммен іріктелді: 
        1 орны – Тлеуов Д.Б. (магистратура) по теме «Улучшение структурно-механических свойств органических вяжущих материалов модификацией полимерными отходами», руководитель д.т.н., профессор Сырманова К.К.; 
        2 орын – Минеев Е.В. (бакалавриат) по теме «To design the device of selective treatment oil distillates. Capacity of the device is 400 thnd tonnes per year.», руководитель PhD Карабаев Ж.А. 
        3 орын – Кан В.А. (бакалавриат) по теме «Removing the non-ferrous metals from high-viscosity oils using electro-aqueous salt solution», руководитель ст. преподаватель Ковалева А.Е. 
        3 орын – Калмаков К.К. (бакалавриат) по теме «Жылдык кауттылыгы 6,0 млн тонн атмосфералык айдау кондыргысында Казахстан мунайлары коспасынын физика-химиялык касиеттерын зерттеу», руководитель к.т.н., доцент Танашев С.Т.

 


27.11.2017ж Аудитория 214Б «Тауарлы мұнайөнімдері мен сапаны бақылау» пәні бойынша «Мұнай пластификаторлары, оларды каучук өндірісінде пластификатор және резина жұмсартқыштары ретінде қолдану» тақырыбында АШЫҚ САБАҚ Лектор т.ғ.к., доцент Бимбетова Г.Ж.

 


М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИРВЕРСИТЕТІ ХИМИЯЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ «МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЖӘНЕ МҰНАЙХИМИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ

Құрметті абитуриенттер !

Сіздерді «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «Мұнайхимиясы» мамандықтары бойынша бакалаврлар, магистрлер мен PhD докторларын дайындайтын «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» кафедрасының Ашық есік күндеріне шақырамыз. Іс-шараның өткізу мерзімі мен уақыты: 28 қараша 2017ж. сағ. 1030. Өткізу орны: М.Әуезов атындағы ОҚМУ бас ғимаратының акт залы, Тәуке хан даңғылы, 5. Бағдарлама 1000-1030 - қонақтарды тіркеу (бас ғимараттың 3 қабатындағы фойе) 1030-1200 – «Ашық есік күндері» іс-шарасы (бас ғимараттың акт залы) 1200-1300 - кафедраның лабораторияларына экскурсия (А,Б ғимараты) Байланыс телефондары: 21-19-66, 87017407789, 8747232409