Жаңалықтар

         "ЦЕМЕНТ, КЕРАМИКА ЖӘНЕ ШЫНЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ" КАФЕДРАСЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ

"Цемент, керамика және шыны технологиялары" кафедрасының ғалымдары профессор Худякова Т.М., профессор Таймасов Б.Т., доцент Колесников А.С., докторант Жаникулов Н.Н. және В.Г.Шухов атындағы Белгород мемлекеттік университеті «Цемент және композициялық материалдар технологиясы» кафедрасының профессоры т.ғ.д. В.Д. Барбанягрэ және «Семей цемент зауыты» ЖШС техникалық бақылау бөлімінің басшысы И.И. Поляковамен  бірлесіп екі қазақстандық өнертабыс алды:

  1. ҚР №3159 пайдалы моделіне өнертабыс. Төмен негізді тез қатаятын клинкер күйдіру әдісі. / Басылым: 17.09.2018, Бюл. № 37;
  2. ҚР №3160 пайдалы моделіне өнертабыс. Портландцементті клинкер алу үшін шикізат қоспасы. / Басылым: 17.09.2018, Бюл. № 37.

Аталған өнертабыстар №203 келісімшарт бойынша «Табиғи ресурстарды, шикізатты қайта өңдеу және өнімдерді рационалды қолдану» басымдылық бойынша ғылыми грантты жүзеге асыру аясында жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижелері, 2015 - 2017 жылдар аралығында «ҚР білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті» МБ № 1513/ГФ4 тақырыбы «Төмен негізді тез қатаятын цементтің негізгі қасиеттеріне жоғарытемпературалы қоспалаумен клинкерлі минералдардың фазалық ауысуының әсерін зерттеу «Шикізатты қайта өңдеу және өнімдер технологиясы» басымдылық тармағы бойынша алынды.

 

Құттықтаймыз!
         ҚР-дағы жоғары оқу орындарына сұранымның Ұлттық рейтингісі-2018  нәтижелері бойынша бакалавриат және магистратура 5В075300 және 6М075300 - «Балқуы қиын бейметалл емес силикатты материалдардың химиялық технологиясы» Білім беру бағдарламалары 1 орынға ие болды.

         Білім беру бағдарламаларының халықаралық деңгейде ары қарай бәсекеге қабілеттілік әлеуетін артуын және дамуын тілейміз. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне «Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасына талапкерлерді оқуға шақырамыз.


«Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасының өкілдері «ShymkentBuild-2018» 4-ші халықаралық құрылыс және интерьерлі  көрмеде

         2018 жылы наурыздың 13 мен 15 аралығында Шымкенттегі КМУ «Көрме орталығында» HVAC секторының және түрлі өнеркәсіптік құрал-жабдықтардың, тастардың, керамиканың, терезелік технология, құрылыс материалдары саласында бастапқы және бірден-бір кәсіби халықаралық көрме өткізілді.

Көрмені облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ашты. Ол салтанатты түрде өткізіліп отырған халықаралық құрылыс және интерьерлік көрменің маңызын атай отырып, қатысушылар мен келушілерге алғыс білдірді.

Оңтүстік Қазақстан өңірінің басшысы өз сөзінде Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа жолдауын атап өтті. Осыған орай, жақын болашақта, бірнеше жылдар бойы біздің облыста тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік нысандар және олардың инфрақұрылымдары тез арада салынады. Сонымен қатар, облыс басшысының сөзінен осы көрме міндетті түрде біздің өңірдің құрылыс өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосатыны аталды.

«Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасының өкілдері, атап айтқанда, кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент М.Ж.Айтөреев, т.ғ.к., доцент А.С.Колесников, PhD доктор Б.Е. Жакипбаев, Техника және технология магистрі А.Б.Тағыбаев, жетекші ғалым-оқытушылар қатысты. Көрмеде 35-тен астам құрылыс салалары мен интерьерлерінің түрлі бағыттағы компаниялары ұсынылды. Компанияның қызметімен танысу барысында кафедра ғалымдары ақ цемент, құрғақ құрылыс қоспалары, керамика және басқа материалдар өндірісі аясында өзара бірлесіп халықаралық деңгейдегі алдын-ала келісім-шарт жасалды. Сонымен қатар, өзара зерттеу жұмыстарын жүргізу, профессор-оқытушылар құрамымен біліктілікті жоғарылату Қазақстан Республикасы Индустриалды-иинновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы – 2 аясында білім алушы магистранттардың қысқа мерзімді тағылымдамасы, 5В075300 - «Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» мамандығы  студенттерінің кәсіби іс тәжірибелерінің барлық түрінен өту үшін халықаралық келісім шарттарды жасасу бойынша келісімдерге қол жеткізді.

Ұлт көшбасшысы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауына сәйкес, ОҚО «Нұрлыжер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылға дейін біздің көп ұлтты халқымыздың игілігі үшін 1 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға енгізу жоспарланды. Осыған орай, Шымкенттің біздің республикада үшінші мегаполис ретінде дамуы үшін «ShymkentCity» жобасы жүзеге асырылды.

Бұл құрылыс материалдар өндірісі, оларды алу үшін шикізат ресурстарын өндіру ретінде, құрылыс және балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы мамандықтары бойынша жоғары білікті кадрлар даярлау біздің өңірдің қажеттілігін түсіндіреді.

Заманауи әлемде цемент, керамика және шыны құрылыс «наны» болып табылады, біздің ЖОО базасында цемент, керамика және шыны білім беру бағыты бойынша Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы мамандарын даярлау үшін жоғарыда айтылғандар шеңберінде өзектілігі айқындалады.

«ShymkentBuild-2018» көрмесі аясында «Құрылыс саласында жаңа технологияларды ендіру» тақырыбында конференция өткізілді. Осы кезекте «ЦКжШТ» кафедрасының өкілдері мен көрмеге қатысушылар құрылыс және аралас салалар проблемалары мен ең өзекті мәселелерді талқылады.

«ShymkentBuild-2018» халықаралық көрмесі түрлі компания өкілдерінің шығарған өнімдері мен құрал-жабдықтарды көрсетуімен белсенді атмосферада өтті.


"Ашық есік" күні

2017 жылыдың 29 қарашасында Химиялық инженерия және Биотехнология жоғары мектебінің «Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасының ұйымдастыруымен А ғимараты 127 ауд. «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. Ашық есік күнін өткізу барысында кафедраға бекітілген мектептер және ПОҚ құрамының тұрғылықты мекен жайы бойынша мектеп бітірушілері шақырылды. Ашық есік күніне кафедраның құрамы толығымен және студенттер, магистранттар белсенді қатысты. Бұл өткізілген Ашық есік күнінің артықшылығы бұрынғыдан қарағанда болашақ талапкерлерге 5B075300 - «Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» мамандығы туралы толық мәлімет жеткізілді. Атап айтқанда студенттер, магистранттар, жетекшілерімен бірге ғылыми жұмыстары бойынша баяндама және химия-физика пәндері бойынша ғылыми тәжірибелер көрсетілді. Cөз сөйлегендер Сабырханов Д.С., Айтуреев М.Ж., Есимов Б.О., Худякова Т.М., Таймасов Б.Т., Әбеков Қ., Қамбатыров М., Минайдар Б., Васечко Н., Тленчиева А., Турсынали Н., Исабаева К., Сейдахметова М. Негізгі іс-шара біткен соң мектеп бітірушілерін кафедраның заманауи зертханаларымен таныстыру мақсатында экскурсия және студенттер мен магистраттардың ғылыми жұмыстары көрсетілді.


"Қазақстанның индустриал – инновациялық дамуы үшін Жастар Энергиясы"

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 23-24қарашада II Республикалық ғылыми - тәжірибе семинары "Қазақстанның индустриал – инновациялық дамуы үшін Жастар Энергиясы" атты воркшоп өткізді. "Цемент, керамика және шыны" кафедрасының магистранты Хашимов А.Н. "Ленгр көмірлі террикондарын қолдану нәтижесінде шикізат шламдарының технологиялық қасиеттерін жақсарту" тақырыбы бойынша сертификат алды.

 


"Ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім беру" атты жаңашыл педогогтардың Халықаралық форумы, Шымкент, 27-28.04.2017 ж.

М,Әуезов атындағы ОҚМУ да 27-28 сәуір аралығында "Ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім беру" атты жаңашыл педогогтардың Халықаралық форумы өтті. Форум қорытындысы бойынша "Ең Үздік оқу-әдістемелік кешен техникалық мамандықтары бойынша" 2-ші дәрежелі дипломмен "Цемент, керамика және шыны технологиялары" кафедрасының т.ғ.к., доцент Дубинина Е.С., марапатталды. 3-дәрежелі дипломымен "техникалық мамандықтар бойынша Ең үздік дәріскер" номинациясы бойынша "Цемент, керамика және шыны технологиялары" кафедрасының PhD докторы, аға оқытушы Жакипбаев Б. Е., марапатталды.

   


Б.Е. Серікбаевтың 60-жылдық мерейтойына арналған мини-футболдан турнир

«Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасының доценті Серікбаев Болатжан Ермаханұлының 60-жылдығына орай мини-футболдан турнир ұйымдастырылды. Турнирде Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мекетебінің оқытушыларынан және студенттерінен тұратын командалар қатысты. Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған командалар естелік сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.


«ХИМИЯЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ » ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

«ЦЕМЕНТ, КЕРАМИКА ЖӘНЕ ШЫНЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» кафедрасының т.ғ.к., доценті Серікбаев Болатжан Ермаханұлының 60 жылдық мерей тойына арналған ФУТБОЛ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТЕДІ 12 науырызда М.Әуезов атындағы ОҚМУ футбол жанкүйелерінің арасында «Буревестник» стадионында мерейтойлық футбол жарысы өтеді «ЦЕМЕНТ, КЕРАМИКА ЖӘНЕ ШЫНЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» кафедрасының т.ғ.к., доценті Серікбаев Болатжан Ермаханұлының 60 жылдық мерей тойына арналған. Мерейтойлық бәсекелестік футбол жанкүйерлері төрт команда қатысатын болады. 1. Магистранттар мен студенттер командасы 2. ПОҚ қызметкерлері мен командасы 3. Футбол ардагерлері командасы 4. Қонақтар командасы Барлық ниет білдірушілерді және мүдделі тараптарды біз асыға күтеміз және қолдаймыз. Спартакиада координаторлары: 1. Аға оқытушы Кұрбанбаев Мұхтар – 87029734704 2. «ЦЕМЕНТ, КЕРАМИКА ЖӘНЕ ШЫНЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» кафедрасы - 300763


АЛҒЫС ХАТ

Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебі, «Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасының, ХТ-14-7ка тобы, Тәлімгер Джумабаева Г.М., 2016-2017 оқу жылының күзгі семестрінде студенттер арасында сабаққа қатысу және оқу үлгерімі пайызы жоғары көрсеткіш көрсеткен үшін АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталады

 


Тақырыбы. ИИДМБ-2 бағдарламасы бойынша магистрлік диссертация жұмыстарын қорғау  

 «Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасында ИИДМБ-2 бағдарламасы бойынша 6М075300 – «Балқуы қиын металл емес және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша  13.02.17-21.02.17 аралығында магистрлік диссертация жұмыстарын қорғау жүргізілуде.


Қазақстанның ЖОО білім беру бағдарламаларының нәтижесі бойынша – 2016 – Білім бағдарламасы  5В075300 – Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы  мамандығы I –ші орынды иеленді.

Қазақстанның ЖОО білім беру бағдарламаларының нәтижесі бойынша – 2016 – Білім бағдарламасы  6М075300 – Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы  мамандығы I –ші орын иеленді.


«ЖЫЛ СТУДЕНТІ - 2017»

27.12.2017ж. күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті бойынша «ЖЫЛ СТУДЕНТІ - 2017!» байқауында «Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасының 4 курс студенті ЗҰЛПЫХАР ЗАМИРА ҚАЙРАТҚЫЗЫ «ҮЛГЕРІМІ ЖОҒАРЫ СТУДЕНТ» номинациясының иегері болды.