Жаңалықтар

Мамандық рейтингісі

2019 жылға арналған мамандар даярлаудың бағыттары мен деңгейлері бойынша Қазақстан Республикасы университеттерінің рейтингтік зерттеулеріне сәйкес «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы келесі көрсеткіштерге ие:

БСҚТА рейтингісі бойынша:

5В072000- БЗХТ бакалавриат –2 орын;                                          

6М072000-БЗХТ магистратура–2 орын

 

Студенттер мен магистранттарды 2019 жылғы Республикалық студенттік ғылыми- зерттеу жұмыстары байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз!

1 дәрежелі диплом - ХТ-16-1к2 тобының студенті Шахмардан Нұргүл. Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Қошкарбаева Ш.Т.

1 дәрежелі диплом - МП-17-1а тобының магистранты Үсенова Айгерім. Ғылыми жетекшілер: т.ғ.к., профессор Сейтмагзимова Г.М., т.ғ.к., профессор Джанмулдаева Ж.К.

II дәрежелі диплом - МП-17-1к1 тобының магистранты Искакова Талшын. Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Қадырбаева А.А.

 

 

Өзара ынтымақтастық  келісім шартына сәйкес 01.04- 12.04.2019 аралығында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 12 магистранты БЗХТ кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті.

 2019 жылы 28-29 наурызда Әл-Фараби ат.ҚазҰУ университетінде БЗХТ мамандығының студенттері арасында XI Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға 5В072000- «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының 3 курс студенттерінің ішінен 2 топ қатысты. Нәтижесінде ХТ-16-1р тобының студенттері Асанова Ж., Абилахан А., Зияддинова З. олимпиадада 3-ші орын алды. Жетекші: т.ғ.к., профессор Джанмулдаева Ж.К.

 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы жеңімпаздарды құттықтайды және мақтан тұтады!

  

 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты іс-шараны 22.11.2018 ж күні сағат 11:45 те 127 А ғимаратында үлкен ашық тәрбие сағатын өткізді. БЗХТ аға тәлімгерлері А.С.Таубаева, Қ.Аманбаева ұйымдастырумен 2 курс ХТ-17-1к, ХТ-17-1а және 1 курс ХТ-18-1к, ХТ-18-1а топтары қатысты. Іс-шара қонақтары ХИжБ жоғары мектебінің деканның орынбасары Н.Сарыпбекова, БЗХТ кафедрасының меңгерушісі Г.М.Сейтмагзимова және БЗХТ кафедрасының оқытушылары және басқа кафедраларының оқытушылары мен студенттері қатысты. Бұл іс шарада   өнерлі студенттері ән айтып, би билеп, өлең жырларын арнады, сонымен бірге, әртүрлі ойындар ойнатылып, өз өнерлерін көрсетті.

2018 ж 6-7 желтоқсан аралығында Астана қаласында Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасының ХТ-16-1р тобының студенті Асанова Ж.К «Рухани жаңғыру:Болашаққа бастар жол» атты семинар-тренингіне қатысып, оқу курсынан өткені үшін сертификат алды.

 

Әріптестерді жеңіспен құттықтаймыз! Сіздерге жаңа жетістіктер,  шығармашылық табыстар тілейміз!

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы өзінің жеңімпаздарын мақтан тұтады және үздіктердің ішінен үздіктерді құттықтайды!

         «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2018»

Аты жөні

Ғылыми дәрежесі

Атқаратын қызметі

1

Қошқарбаева Ш.Т

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының доценті

2

Тлеуов А.С.

Техника ғылымдарының докторы, профессор

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының профессоры

3

Болысбек А.А.

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының доценті

ҚҰТТЫҚТАУ!!!

Арыстанова  Салтанат   Дауытбекқызын

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2018 жылғы 24 қазандағы №1744 бұйрығымен  философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуымен құттықтаймыз!

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.д., БЗХТ кафедрасының  профессоры  Тлеуов А.С.

Ғылыми  кеңесшісі: т.ғ.д., профессор  Лавров Б.А., Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық институты (техникалық университет), Санкт-Петербург  қ.,  Ресей Федерациясы.

Шығармашылық  табыстар тілейміз!

 

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы » кафедрасының    ұжымы

 

 

«Жас ғалым-2018» ғылыми-инновациялық жобалардың аймақтық конкурсы

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының 2 курс докторанты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары - Жаникулов Нурғали  Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің базасында «Жас ғалым-2018» ғылыми-инновациялық жобалар байқауына қатысты. Конкурсқа барлығы 29 жасқа дейінгі тәуелсіз зерттеушілерден шамамен 60 өтініш түсті. Олардың ішінен ең табысты 10 ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды конкурстық комиссия таңдап, бағалады. Байқауға Жамбыл, Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларының ғылыми және білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты.

Марапаттау рәсімінде М.Әуезов ОҚМУ Жас ғалымдар кеңесі төрағасы Бибол Жакипбаев белсенді атсалысты. Жамбыл облысы мен Тараз қаласының жастар бірлестіктерінің басшыларымен кездесу барысында 2019 жылы - жастар жылында ынтымақтастықтың өзара тиімді жолдарын талқылады. Конкурстың қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың жас ғалымы, PhD докторанты - Нұрғали Жаникулов екінші орынды иеленді және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қолынан диплом және ноутбук алды.