Жалпы мәліметтер

Жалпы мәлімет

МӨжМХ кафедрасының білім беру жұмыстары мұнайөңдеу, мұнайхимия  өнеркәсібі саласындағы мамандарды дайындауға бағытталған.  

Бакалаврларды дайындау 5В072100 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» (ОЗХТ), магистрлерді 6М072100 - ОЗХТ және 6М073900 – «Мұнайхимиясы», РhD докторларын  6Д072100 - ОЗХТ мамандықтары бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, қысқартылған және жеделдетілген түрдегі білім беру бағдарламалары іске асырылуда.

МӨжМХ кафедрасында жалпы ауданы 327 кв.м 7 зертхана бар, олар заманауи  зертханалық приборлармен жабдықталған: тұрақты қабатта каталитикалық крекингтеу мен АРН-2 мұнайды ректификаттау аппараты қондырғылары орналасқан, сонымен қатар  мұнайөнімдерін  анализдеуге арналған приборлар, ПД 320 660/660 біліктері, RDE 800x800 вулкандау пресі, құю машинасы, гидрогенизациялық процестердің пилотты қондырғысы, битумды тотықтыру қондырғысы, периодты кокстеу қондырғысы, ПНБ-01 пенетрометрі, SХ-200 октанометрі, мұнай битумының созылғыштығын анықтауға арналған ДБ-150 аппараты, АФСА-1мұнай өнімдерінің фракциялық құрамын анықтау автоматты анализаторы, СИМ-12 сапа анализаторы, КГА газанализаторы, компрессорлар, кептіргіш шкафтар,  муфель пештері, ВУ-24 түзеткіші, электронды аналитикалық және Ohaus техникалық таразылар және т.б. Сондай-ақ кафедрада жеке компьютерлер, диа- және видео проекторлар, теледидар, арнайы пәндер бойынша слайдтар мен кинофильмдермен жинақталған видеомагнитофон, кодоскоп, анимациялық материалдар, слайд және плакат жинақтары бар.

213Б, 214Б және 216Б лабораториялар интерактивті тәсілмен; виртуалды лабораториялар, видео дәрістерді көрсету, электронды кітаптарды қарау, прензентациялық матриалдарды демонстрациялау,   мультимедиялық файлдарды үлкен  экранда сабақтар жүргізу мақсатымен интерактивті тақтамен жабдықталған.

Кафедраның оқу сабақтарын өтуге арналған ТОО «Экошина» ЖШС, «ПетроКазахстанОйлПродактс» ЖШС, «Hill-corporation» ЖШС, «StratusOil» (ОҒӨК) бар.

Кафедра  іс- тәжірибе базаларын кеңейту мақстатында  үнемі жұмыс жүргізіп отырады.

Студенттердің іс-тәжірибеден өту базаларына келесілер жатады:   

«ПетроКазахстанОйлПродактс» ЖШС (Шымкент қ.); «Атырау мұнайөңдеу зауыты» (Атырау қ.); «Эко-шина» ЖШС (Шымкент қ.), «КМНПЗ» ЖШС  (Кызылорда қ.), «Нефтехимстрой-Юг» ЖШС, «Hill corporation» ЖШС (Шымкент қ.) «StratusOil» ( Шымкент қ.).

Іс-тәжірибеден өту келісім - шартына мен  бағдарласына сай өндірісте студенттерді әрбір жұмыс орнында қауіпсіз жұмыспен қамтиды, іс-тәжірибе жетекшісі ретінде біліктілігі жоғары қызметкерлерді тағайындайды; студенттерге және университеттен тағайындалған жетекшілердің лабораториямен, кабинеттермен, шеберханалармен, кітапханамен, техникалық құжаттармен, сызбалармен, сонымен қатар іс- тәжірибе бағдарламасын жақсы меңгеру және жеке тапсырмаларды орындау мақсатында  жоспарлау – экономикалық бөлім мен бухгалтерияның мәліметтерімен пайдалануға мүмкіндік береді.