Жалпы мәліметтер

Жалпы мәлімет

«Биотехнология»  кафедрасы   5В070100- «Биотехнология» мамандығы  бойынша бакалавр, магистратура  бойынша 6M070100-кәсіптік  және  ғылыми - педагогикалық  бағыты  бойынша  магистранттар,   6D 070100 – Биотехнология мамандығы бойынша докторанттар дайындайды. Кафедраның  оқу  және  зертханалық  базасы  «Жалпы  білім берудің мемлекеттік  стандартында қарастырылған оқу  жоспары мен бағдарламаға  бойынша  санитарлық  нормалар мен талаптарға  сәйкес  келеді. 

Кафедраға  жалпы көлемі 470,05м2 болатын Университеттің №1 ғимаратынан 15 аудиториялар мен кабинеттер және №4 ғимараттан 1 «Биогаз»-ға арналған кабинет бекітілген. Оқу  аудиториялары мен зертханалар  тізімі және  аудандары қосымшада көрсетілген. Кафедраның «Казагроиновация», «ОҚОФ», «Республикалық   ветеринарлық  зертханада»  филиалдары бар, олардың барлығы Шымкент қаласында орналасқан. КазАгроИнновация» АҚ. ЖШС Оңтүстік Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зеттеу институты, РМҚК ОҚОФ Республикалық ветеринарлық зертханасы кафедраның іс тәжірибе базалары болып табылады.

Кафедра зертханаларына мемлекеттік сатып алу жоспарына байланысты, қыркүйектен желтоқсан арасында келесі құрал-жабдықтар мен жиһаздар алынды: Зертханалық центрифуга-2 дана; Green Vitamin’автоматты өсіргіші-2дана;Танометр-2дана; Құм моншасы-1дана, зертханалық үстелдер-6 дана, зертханалық шыны үстелдер-4 дана.