Жалпы мәліметтер

     Қазіргі уақытта «Цемент, керамика және шыны технология» кафедрасы - «Балқыуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» бағытта бакалаврларды дайындауды іске асырады.

2015 жылдан бастап, Мемлекеттік индустриялы-инновациялық даму бағдарламасының (МИИДБ-2) екінші кезеңінің басталуына сәйкес, М.Әуезов атындағы ОҚМУ негізінде 2019-2019 (Қазақстан Республика Президентінің Үкімімен бекітілді, 01.08.2014ж. № 874) жылға, Қазақстанның оңтүстік аудандарының басты салалары үшін жоғарғы оқу орынынан кейін білім беру бойынша жоғары мамандандырылған мамандандарды дайындау басталды.

2015-2016 оқу жылынан бастап, осы бағдарлама аясында «Цемент, керамика және шыны технологиясы» кафедра негізінде «Құрылыс материалдардың өндірісі» -60 магистрант (2015-2016 оқу жылы) мен «Заманауи құрылыс материалдар» -80 магистрант (2016-2017 оқу жылы) білім беру бағдарламасы бойынша, 6М075300 - «Балқыуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бейінді бағытта магистранттарды дайындау іске асырылуда.

Магистранттарды дайындауға кафедраның әлеуетті кадрлық тәжірибелі профессорлар мен доценттер жұмылдырылды. Оқыту пәндерін жүргізу үшін шет ел профессорлары мен ғалымдары шақыртылды: т.ғ.д., профессор - Йохан Планк, Мюнхен техникалық университетінің «Конструкциялы матераилдар химиясы» департамент меңгерушісі (Мюнхен қ., Германия), т.ғ.д., профессор - Классен В.К., В.Г.Шухов атындағы БМТУ ( Белгород  қ., РФ).

«Құрылыс материалдардың өндірісі» және «Заманауи құрылыс материалдары» білім беру бағдарламалары талдаудан нәтижелі өтті және осы саланың отандық кәсіпорындарымен келісілді: «Стандартцемент» ЖШС және «ЕвроКристалл» ЖШС (Шымкент қ).

Кафедрада бакалавриаттарды және магистранттарды дайындайтын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 25 оқытушы жүргізді, сонын ішінде 5 доктор ғылымы, профессор және 9 ғылым кандидаты, доцент, 1  PhD докторы және 2 магистр, олардың ішінде «ЖОО ең үздік оқытушы» грантына ие г-м. ғ. д., профессор - Б.О. Есімов болып табылады, Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік лауреат иегері; т.ғ.д., профессор - Б.Т. Таймасов; т.ғ.д.., профессор - Т.М Худякова;  т.ғ.д., профессор - Джакипбекова Н.О., т.ғ.к, доцент - Колесников А.С. және т.б. дәріс оқиды.

Оқу-ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін, кафедра қажетті материалды-техникалық қормен жабдықталған. Дәрістік оқу дәрісханаларында интерактивті оқу құралы орнатылған: видеопроектор Multimedia Projector EB-S62, Goldview қолмен басқарылатын проекциялы экран, заманауи жаңа комьютерлер, интернет желісіне қосылған және т.б.

Оқу зертханасы бар: «Керамика және отқа төзімді заттардың химиялық технологиясы», «Тұтқыр материалдардың химиялық технологиясы», «Шыны және ситалдардың химиялық технологиясы», «Кристаллография және минералогия», оқу-ғылыми-өндірістік орталық «Силикат» ұнтақтайтын майдалайтын және пештік бөлімшелері бар, «Силикатты материалдарды заманауи зерттеу әдістерінің кешендік зертханасы» және т.б.

Зертхана заманауи қондырғылармен жабдықталған: цемент ертінді үлгілерінің бірқалыпты қоюлығын анықтауға арналған тербелуі бағыттылған, жалпы электромеханикалық мәнге ие вибратор ИВ – 101Б; шикізат компоненттерінің химиялық құрамын анықтауға арналған  спектрофотометр ПЭ-5400УФ; дисперсті материалдардың меншіктік беттік қабатын, бөлшектің орташа өлшемдерін және газ өткізгіштігін анықтауға арналған ПСХ-К приборы; құрылыс материалдардың және тау жыныстарының геометриялық өлшемін (қалыңдығы, ұзындығы) өлшеуге және дефектоскопияға арналған ультрадыбысты  УКС-МГ4 приборы; құрылыс материалдардың жылу өткізгіштігін және жылу қарсы тұруын анықтауға арналған жылу өткізгішті өлшейтін ИТП-МГ4 «Зонд»; диффузиялы шағылысу коэффициентінің аймақтық мәнімен ақшылдануын өлшеуге арналған ақшылдындыру тестері  Р3-ТБМС-М; зертханалық және өндірістік диірмендерде түйіршікті немесе ұнтақ тәрізді  материалдарды периодты түрде ұнтақтауға арналған, сонымен қатар өнеркәсіптік диірмендерде ұнтақтау процесін модельдеуге арналған вибрационды диірмендер СВМ-3, СВМ-04, цементен жасалған бөрене формасындағы үлгілерді сақтауда қажетті климаттық шарттарды құрып және автоматты түрде ұстап тұруға арналған ылғалды күйде сақтап тұратын  ШВХ-360 шкафы; цементті үлгілерді және бетондардың бүктелуі мен қысу беріктілігін анықтауға арналған аз өлшемді гидравликалық пресс ПГМ-100МГ4А; сұйық фазалы байланыстырушыды қосқан кездегі ұнтақ тәрізді материалдардан 2-ден 20 мм-ге дейін орташа өлшемді сфералық түйіршіктерді үздіксіз режимде алуға арналған, жоғары жылдамдықты араластырғыш – түйіршікті дөңгелектейтін GHL; беріктілігі мен қаттылығы әртүрлі материалдарды ұсақ дисперсті күйге дейін майдалауға арналған ИД 200 дискілі буландырғыш; цемент үлгілерінің, цементтің суыққа төзімділігін анықтауға арналған климаттық камера   Жылу-Суық-Ылғал СМ-70/150-ТХ; дииференциалды термиялық анализатор DZ3320А, зертеу әдісі, белгілі бір жылдамдықта үлгілерді қыздырып және салқындатуда, зерттеліп жатқан үлгі мен салыстырмалы үлгі арасындағы температураның әртүрлігінің уақытқа тәуелділігін жазып алу; ауалы ортада 16500С-ге дейін, бұйымдарды термоөңдеуге арналған жоғары температуралы пеш; бетонды жылумен өңдеу, сонымен бірге оны қысу кезінде беріктілігін анықтайтын басқару пульты бар заманауи әмбебап буландырғыш камерасы  КУП-1; түйіршіктелген ұнтақты таблеткаға престеуге арналған, зертханалық пресс моделі  «ТП-1»; бір қалыпты және престелген керамикалық массаны экструзиялауға арналған саз илегіш (экструдер) G49E; физика-химиялық зерттеулерге және т.б. үлгілерді дайындауда, кірпіш, гранит, мрамор, бетон кесуге арналған, кескіш машинаның  CROWN CUT OFF SAW CT 15090 моделі.