Жалпы мәліметтер

Бүгінгі таңда «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасында 5В072000, 6М072000,  6D072000  – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» бағыттары бойынша бакалаврлар, магистрлер және PhD доктокларын дайындау жүзеге асырылуда.

2015 жылдан бастап  2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес (Қазақстан Республикасы Президентінің 01.08.2014 № 874 Жарлығымен бекітілген) «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының базасында «Поли компонентті минералды тыңайтқыштарды синтездеу» және «Бейорганикалық қышқылдар мен тұздардың инновациялық технологиялары» білім беру бағдарламалары бойынша мамандандырылған бағытта магистрлерді дайындайды.

Магистранттарды оқыту үшін кафедраның білікті профессорлары мен доценттері жұмылдырылған. Оқу жұмыстарын жүргізу үшін сондай-ақ, шет елдік профессорлар мен ғалымдар шақыртылған: доктор, профессор Фриц Кюн және доктор, профессор Кай-Олаф Хинриксен (ТУМ, Мюнхен қ., Германия), т.ғ.д., профессор Дормешкин О.Б. (БМТУ, Минск қ., Белоруссия),, т.ғ.д., профессор Петропавловский И.А. (Д.Менделеев ат. РХТУ, Мәскеу, РФ); PhD,  профессор Хавьер Родриго Иларри (ПУВ, Валенсия қ, Испания).

5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің шешімінің негізінде. М.Әуезов атындағы ОҚМУ  ағылшын тілінде жүзеге асырылатын Қазақстандағы он университеттің білім беру бағдарламаларының тізіміне кірді.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап БЗХТ кафедрасында «Минералды және техногендік шикізатты қайта өңдеу» жаңа білім беру бағдарламасы бойынша тіл пәндері мен «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінен басқа, барлық пәндер бойынша ағылшын тілінде оқитын студенттер тобы құрылды. Білім беру бағдарламасы бейорганикалық заттар технологиясы бойынша жетекші отандық кәсіпорындардың қатысуымен әзірленген: «Казфосфат» ЖШС (Тараз қ.), «Қайнар» ЖШС (Шымкент қ.), «ҚазАзот»  ЖШС (Актау қ.). 2018 жылы тағыда ағылшын тілінде оқитын студенттер тобы  құрылды.

 Мамандандырылған  бағыттағы магистрлерге «Поликомпонентті минералды тыңайтқыштарды синтездеу» және «Бейорганикалық қышқылдар мен тұздардың инновациялық техноогиялары», сондай-ақ бакалаврлерге «Минералды және техогенді шикізаттарды өңдеу» білім бағдарламалары 2017 жылы ECTN Еуропалық химиялық тақырыптық желісінде сараптамадан   сәтті өткен және «Евромастер» и «Евробакалавр» евролэйбл алды.

Кафедрада бакалаврларды, магистрлерді және PhD докторларды даярлауды 24 оқытушлар, олардың ішінде 8 ғылым докторы, профессорлар және 10 ғылым кандидаттары, доценттер, 2 PhD доктор және 2 ғылым магистрлері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ жүргізеді, олардың арасында 11 «ЖОО үздік оқытушысы» грантының иегерлері: ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Молдабеков Ш.М., т.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Жантасов Қ.Т., т.ғ.к., доцент - Сейтмагзимова Г.М., т.ғ.д., профессор – Тлеуов А.С., т.ғ.д., профессор – Жекеев М.К., т.ғ.к., т.ғ.к., доцент – Тлеуова С.Т., т.ғ.д., профессор – Бестереков Ү.Б., т.ғ.к., доцент –Қадирбаева А.А., PhD Назарбек У.Б., т.ғ.д., профессор Сатаев М.С., т.ғ.д., профессор Анарбаев А.А.