Жалпы мәлімет

Жалпы мәлімет

«Металлургия» кафедрасы «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғарғы мектебінің құрамына кіреді.

Кафедрадакелесі мамандар даярланады:

- 5В070900 - «Металургия» мамандығының бакалавры,

- 6М070900 - «Металургия» мамандығының магистрі.

5В070900 - "Металлургия" білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды дайындау ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламасы аясында келесі мамандандырулар жүзеге асырылады: "Түсті металлургия", "Қара металлургия", "Электрометаллургия".

Бакалаврлардыдаярлауды 2 ғылымдокторы, 6 ғылым кандидаты, 2 магистр жүзегеасырады. Оқупроцесіне металлургия саласындағығалымдар мен өндірістің жетекшімамандарытартылады.

2014 жылы 5В070900 – Металлургия білім беру бағдарламасы білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз Қазақстандық агенттікте (БСҚА) стандарттар өлшемдеріне сәйкестігіне институционалды (Республикалық) мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

2017ж. сәуір айында 6М070900 – "Металлургия" білім беру бағдарламасы білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз Қазақстандық агенттікте мамандандырылған аккредиттеу стандарттарының өлшемдеріне сәйкестігіне аккредиттеуден өтті.

2017 жылы 5В070900-"Металлургия" кафедрасының білім беру бағдарламасы Қазақстан ЖОО арасында ОП ұлттық рейтингісінде 2-орын алды.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттік (БСҚА) жүргізетін 2017-2018 оқу жылының білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингісінің нәтижелері бойынша 5В070900-Металлургия мамандығы.М. Әуезов 2-орын (бакалавриат), ал 6М070900-Металлургия мамандығы 3-орын (магистратура) алды.

Аккредитация және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (НААР) өткізетін білім беру бағдарламалары бойынша "ҚР ЖОО-ның сұранысының ұлттық рейтингі-2018" нәтижелері бойынша, М. Әуезов ОҚМУ-нің 5В070900 - Металлургия мамандығы, 4-орын (бакалавриат), ал 6М070900-Металлургия мамандығы 2-орын (магистратура) ие болды.

     Қазіргі уақытта кафедрада 5В070900 - "Металлургия" мамандығы бойынша күндізгі бөлімде 111 студент оқиды, соның ішінде білім беру гранттары бойынша – 100 студент және коммерциялық негізде - 11 студент. 6М070900 - "Металлургия" мамандығы бойынша магистратурада 11 магистрант оқиды, оның ішінде 9 ғылыми және педагогикалық дайындық бағыты (2 жыл) және 2 магистрант бейіндік бағыт бойынша, ИИДМБ (1,5 жыл).