Іс-тәжірибе базасы

2018 жылы 20 қыркүйекте  5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының кафедра меңгерушісі  Сауле Абдразаққызы, кафедара  оқытушы құрамы мен докторанттары  «ПКОП» ЖШС –нің әкімшілік ғимаратында өткен «Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және реконструкциялау» жобасында өткен  қоғамдық тыңдауға қатысты.

2017-2018оқу жылының жоспарына сәйкес  5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің 3-курс студенттері16.07.2018-28.07.2018ж. Атырау қаласындағы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не,Павлодар қаласындағы «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-не, өндірістік іс-тәжірибеден өтті.

       

Өндірістік іс-тәжірибе ОЗХТ бағыты бойынша жоғары білікті мамандар даярлаудың маңызды кезеңі және ол оқу жоспарымен сәйкес жүргізіледі. Өндірістік іс-тәжірибе ҚР және Ресей мемлекеттерінің алдыңғы қатарлы мұнай химия және мұнайөңдеу кәсіпорындарында жүргізіледі.

    Студенттердің іс-тәжірибелері Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы мұнайхимиясы  және мұнай өңдеу өндіріс орындарында «ПетроКазахстанОйлПродактс» ЖШС (Шымкент қ.); «Атырау мұнай өңдеу  зауыты» (Атырау қ.); «Павлодар мұнайхимиясы зауыты» АҚ; «Шымкент полипропилен бұйымдары зауыты» ЖШС, «Экошина» ЖШС, «Марсель Петролеум» ЖШС, «КМНПЗ»  ЖШС (Кызылорда қ.), «LPG-сервис» ЖШС, «Нефтехимстрой-Юг» ЖШС; «Hillcorporation» ЖШС және т.б. өтеді. Жаңа іс-тәжірибе орындарымен «KazakhstanPetrochemicalIndustriesInс.» ЖШС («Казахстан ПетрокемикалИндастриз Инк.») (Атырау қ.), И.М. Губкин атындағы мұнай және газ РМУ  (Москва қ.), ГУП мұнайхимөңдеу институты (Уфа қ., Башкортастан) келісім-шарт жасалған. Кафедра құрамы төмендегідей оқу ғылыми өндірістік кешендерімен жасалған келісім шарт бойынша жұмыстар атқарды:«ПетроКазахстанОйлПродактс» ЖШС; «Экошина» ЖШС; «Stratus oil» ЖШС; «НУПЦ «Мұнайшы» ЖШС. «Учебно-исследовательская работа студентов в области нефтехимии», «Учебно-исследовательская работа студентов», «Избранные главы нефтехимии», «Химическая технология синтетического каучука» пәнінен сабақтарды «Экошина» ЖШС-нің маманы Масалова Н.П., «Учебно-исследовательская работа студентов в области нефтепереработки», «Учебно-исследовательская работа студентов в области нефтепереработки и  нефтехимии», «Избранные главы нефтехимии» пәнінен сабақтарды «Stratus oil» ЖШС-нің маманы Туранов Б.Д., және кафедра оқытушыларының қатысуымен жоғарыда аталған өнеркәсіп орындарында лабораториялық сабақтар жүргізілді.

Hill-corporation» ЖШС базасындағы Оқу ғылыми өндірістік кешені

«Экошина» ЖШС базасындағы оқу ғылыми өндірістік кешені