Тәуелсіздік тұғыры биікте

2016-2017 оқу жылында «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің «Металлургия» кафедрасында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты ашық тәлімгерлік сағаты өткізілді. Ашық тәлімгерлік сағатта тәуелсіздігіміз жайлы баяндамалар тыңдалынды. Ашық тәлімгерлік сағатта университет аға тәлімгері Бейсенов С.Д. және «ХИжәнеБ» жоғары мектебінің декан орынбасары Байысбай О.П сөз сөйледі. Іс-шарада сазды әуендер шырқалып,  мың бұралған бишілер көрермендерге әсем биін ұсынды.