«Тәуелсіз қазақ елінің жастары және дін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

     15 сәуір 2016 жылы, сағ.11:30, 127 «А» ауд. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» кафедрасы «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің ХТ-15-6р  тобының студенттері ұйымдастыруымен «Тәуелсіз қазақ елінің жастары және дін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

    Іс-шараның мақсаты - жастарды төзімділік  рухында және діни экстремизмге қарсы тұруға тәрбиелеу. «Дөңгелек үстелге" қатысқандар: "А. Қаттами" атындағы қалалық мешіттің ұстазы Төленов Д., Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің жоғары білікті маманы Шалданбаева А. М., деканның орынбасары Байысбай Ө.П. және аға кураторы Сарсенбаева А. У.

    «Дөңгелек үстел» барысында «А.Қаттами» атындағы қалалық мешіттің ұстазы Д Төленов дәстүрлі діндерді уағыздаудың мәнін, христиан және ислам діндерінің ерекшеліктеріне тоқталды. Теріс діни ағымдардың негізгі мақсаттары болып табылатын бұрмаланған көріністегі-дін өмірге қауіпті екенін мысалдар арқылы түсіндірді. Студенттердің жан-жақты қойған сұрақтарына жауап берді.