Тәуелсіз қазақ елінің жастары және дін

      03 сәуір 2017 жылы, сағ.11:30, 211 «А» оқу залында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, «Мұнай өңдеу және мұнай химиясы» кафедрасы «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің ХТ-15-6р1  тобының студенттері ұйымдастыруымен "Тәуелсіз қазақ елінің жастары және дін" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

    Іс-шараның мақсаты - жастарды төзімділік  рухында және діни экстремизмге қарсы тұруға тәрбиелеу. «Дөңгелек үстелге" қатысқандар: Декан орынбасары Байысбай Ө.П., жоғары мектептің  аға тәлімгері Естауова А.А., «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» кафедрасының аға тәлімгері Сарсенбаева А.У., ХТ-15-6р1  тобының тәлімгері Оразымбетова А.О. және ХИжБТ ЖМ-нің студенттері және арнайы шақырылған қонақтар:

 1. Маймақов Ғаппар Қазыбекұлы -  «Қазақстан халық ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі, «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігінің (ҚБ) төрағасы.

2.  Бекбосынов Ерімбек Төленұлы – доктор РhD, теолог-заңгер, «Асыл мұра» ҚБ лекторы және Заң факультетінің декан орынбасары.

3. Ержігітов Марат Қайратұлы – Облыстық әкімшіліктің діни зерттеу орталығының (бөлімінің) бастығы.

    «Дөңгелек үстел» барысында Маймақов Ғаппар Қазыбекұлы, Бекбосынов Ерімбек Төленұлы және   Ержігітов Марат Қайратұлы дәстүрлі діндерді уағыздаудың мәнін, христиан және ислам діндерінің ерекшеліктеріне тоқталды. Теріс діни ағымдардың негізгі мақсаттары болып табылатын бұрмаланған көріністегі-дін өмірге қауіпті екенін мысалдар арқылы түсіндірді. Студенттердің жан-жақты қойған сұрақтарына жауап берді.