Тәрбие жұмысы

Оқу жоспары мен 2017-2018 оқу жылының кестесіне сәйкес  5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің ХТ-18-6ка және ХТ-18-6тк–тобының студенттеріОҚМУ мұражайы бойыншаэкскурсияға қатысты.

Оқу жылы басында МӨжМХ кафедрасының «Тәрбие жұмыстарының жоспары» түзілді, ол кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді (29.08.2016ж. №1 хаттама). Бұл жоспарда бағыттар бойынша тәрбиелік іс шаралардың тізімі, орындалу мерзімі, тәрбие жұмыстарының түрлеріне жауаптылар көрсетілген. Тәрбиелік іс-шаралардың  бағыттары: ұйымдастыру жұмыстары, рухани-адамгершілік тәрбие, кәсіби және еңбек тәрбие, діни толеранттылықты қалыптастыру, дене тәрбиесі мен  салауатты өмір салтын және денсаулықты қорғайтын ортаны қалыптастыру, экологиялық тәрбие, коммуникативті-интеллектуалды мәдениетті дамыту, мәдени-эстетикалық тәрбие, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту қажеттілігі мен әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру іс-шаралары.Оқу жылы басында МӨжМХ кафедрасының «Тәрбие жұмыстарының жоспары» түзілді, ол кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді. Бұл жоспарда бағыттар бойынша тәрбиелік  іс-шаралардың тізімі, орындалу мерзімі, тәрбие жұмыстарының түрлеріне жауаптылар көрсетілген.

 

28.11.2017 ж., сағат 10-30 акт залында  «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша 6 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан ашық есік күні өтті. Бағдарлама негізі мектеп оқушыларының қатысуымен болып жатқан іс-шара, Сол себепті  № 72, 77,  88 мектеп басшыларына және белсенді қатысып отырған мектеп оқушаларына алғысымызды білдіреміз.

Мақсаты: Оқушыларды, колледж түлектерін жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру.

Міндеті: - мектеп, колледж  бітіруші түлектерге кәсіби - шығармашылық тәрбие беру бағытында кәсіби шығармашылық танымын кеңейту;

- болашақ мамандығын дұрыс таңдай білуге бағыт - бағдар беру;

- белгілі бір еңбек, кәсіби іс - әрекет саласына еніп, нақты көзқарас қалыптастыруына көмек беру.

Күтілетін нәтиже:

Мектеп, колледж бітіруші түлектердің тиянақты шешім қабылдауы, белгілі мамандық саласын таңдау жасауы.

 

 

 

 

 

 

 

Ашық тәрбие сағаты

04.12.2017ж.  №6 жатақханада « ЭКСПО- энергия болашағы» атты тақырыбында ХТ-17-6р  тобының ұйымдастырылуымен  ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: ЭКСПО көрмесі туралы мәлімет беру, білімдерін тереңдету, көрменің біздің еліміз үшін қажеттілігі мен  маңыздылығы туралы білім қалаптастыру.Қоғамындағы  өзгерістермен  жаңалықтардан тыс қалмауға, шығармашылыққа баулу. Еліміздің жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.