Тәрбие жұмысы

     2019 жылы 20 ақпанда М. Әуезов атындағы ОҚМУ бас ғимаратының акт залында «Химия және химиялық технология негіздері», «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Мұнайөңдеу және мұнай химиясы» кафедраларының  ұйымдастыруымен «II облыстық Менделеев олимпиадасының жабылуы» және «Ашық есік күні» іс-шаралары өтті. Бұл іс-шараға Түркістан облысының мектеп түлектері қатысты.

2019 жылы 22 ақпанда М. Әуезов атындағы ОҚМУ бас ғимаратының акт залында «Химия және химиялық технология негіздері», «Цемент, керамика және шыны технологиясы», «Металлургия» кафедраларының ұйымдастыруымен «XIII қалалық Менделеев олимпиадасының жабылуы» және «Ашық есік күні» іс-шаралары өтті. Бұл іс-шараға Шымкент қаласының мектеп түлектері қатысты.

2017 жылдың қараша айының  21-ші жұлдызында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің бас ғимаратының акт залында «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мен «Химия және химиялық технология негіздері»  кафедраларының ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Бұл іс-шараға мектеп, колледж бітіруші түлектері қатысты

.

2017 жылдың қараша айының  28-ші жұлдызында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің бас ғимаратының акт залында «Мұнай өнімдері және мұнай химия» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілген «Ашық есік күні» іс-шарасына «Химия және ХТН» кафедрасының ұжымы қатысты. Бұл іс-шара мектеп, колледж бітіруші түлектердің қатысуымен өткізілді.