Тәрбие жұмысы

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ.

7 қараша 2017 жылыМ.Әуезоватындағы ОҚМУ-дың бас ғимаратының акт залында Шымкент қаласыішкісаясатбөлімінің «Жастарресурстықорталығы» коммуналдықмемлекеттікмекемесініңұйымдастыруымендіни экстремизм мен терроризмніңалдыналубойыншаарнайы сала мамандарының қатысуымен  студент жастарарасындакездесуөтті.

«Еңбек адамын жырлаймын»

2017 жылғы 28 қыркүйек күні Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы (Облыстық кәсіподақ комитеті) «Еңбек күні» және «Ұстаздар күні» мерекелеріне орай «Еңбек адамын жырлаймын» тақырыбымен іс-шара өткізді.Мерекелік іс-шараға ардагер ұстаздар, озат мұғалімдер, педагогтар әулеті, жас мұғалімдер мен студенттер, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары мен мектептер директорлары, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары мен кәсіподақ активі, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылдыМерекелік іс-шараның басталуы алдында М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері жиынға қатысушыларға арнап флешмоб көрсетті, қатысушылар облыстық кәсіподақ комитеті мен құрылымдық ұйымдарының қызметі жайлы дайындалған бейнефильмді тамашалады.Мерекелік іс-шарада білім саласының ардагері С.Барахова қатысушыларды «Еңбек күні» және «Ұстаздар күні» мерекелерімен құттықтап, озат ұстаздарға ОҚО әкімінің Грамоталарын, «Алғыс хаттарын» тапсырды.

«Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы»

2017 жылдың 13 қазан күні, «Рухани келісім – Қазақстан қоғамы тұрақтылығының іргетасы» атты форумы өткізілді. Форумды Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті және «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасы ұйымдастырды. Алғаш сөз кезегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бірінші проректоры т.ғ.д. Айменов Жамбыл Талхаұлы форумды ашып берді.Сонымен қатар Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ассамблея хатшылығының меңгерушісі — М.О. Қалмұратов, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, облыстық мәслихаттың депутаты, «Ел бірлігі» депутаттық тобының жетекшісі — Ә.Ү.Досболов, Мемлекет және қоғам қайраткері — Ш.М. Мырзахметов, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкіл имамы, облыстың бас имамы — А.П.Керімбек сөз алып, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ректоры, т.ғ.д., профессор, Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлының «Алғыс хатымен», Облыс әкімінің арнайы грамотасымен, Облыстық мәслихаттың арнайы грамотасымен марапаттап, концерттік бағдарламалар орын алды.