«Тілге құрмет – елге құрмет»

10.11.2016ж., «А» ғимаратының127 ауд.“Мәңгілік ел” идеясы аясында ҚР-ң мемле-кеттік тілдер күніне арналған «Тілге құрмет – елге құрмет» атты тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті

        Іс шараның мақсаты: Студенттерге мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.

       ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпандағы Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» екендігін жеткізген.Бұл іc шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты өткізілді. Аталмыш іс шарағаМ.Әуезов атындағы ОҚМУ  тәрбие ісі және жастар саясат департаментінің бас маманы Орынбекова Г.Б., «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің профессор-оқытушы құрамы және жоғары мектептің студенттері қатысты.Іс-шараны МӨжМХ кафедрасының 1-ші курс студенттері қазақ, орыс және ағылшын тілінде ұйымдастырып жүргізді.