«Су гармониясы - II»

2021 жылы 20 қаңтарда on-line режимінде «Су гармониясы - II» халықаралық жобасының кезекті жұмыс отырысы өтті. Кездесуде жобаның өзекті мәселелері талқыланып, оқушылардың Ослодағы 2021 жылғы жазғы мектебіне қатысу шарттары келісілді. Бұл жағдай серіктес университеттердің екі студентіне жаздық мектепке физикалық қатысуға мүмкіндік береді. Егер олай болмаса, онда студенттер онлайн оқыту курсынан өтіп, сертификаттар алады.