Студенттік өмірдің жағымды сәттері

2014-2015жж. қолға алынған емтиханды еркін тапсыру кестесі - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебіне жүктелген ерекше сынақ түрі. Қазақстан Республикасының  Жоғары Оқу орындарының озаты болып келетін біздің университет бірнеше жоғары мектеп мамандықтарын бір шаңырақ астына жинаған. Университетте «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектеп студенттеріне экспериментальды түрде емтиханды өткізудің еркін тапсыру кестесі ең алғашқы болып қолданып отыр. Бұл біздің Жоғары мектеп үшін үлкен мәртебе деп білемін.  
Емтихан – білімді тексеру сынағы. Мен «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» кафедрасы «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»  мамандығының студенті Махмут Арай,  емтиханды еркін түрде тапсыру кестесін ыңғайлы деп есептеймін. 2013ж көктемгі семестрде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Чехия Республикасы Прага қаласында Химия-технологиялық институтта білім алып, кредиттік оқу жүйесін тәжірибеден өткізген студент ретінде Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары емтиханды өткізудің еркін тапсыру кестесіне өтуі студенттенттер үшін ыңғайлы,  әрі қуантатын жәйіт. Емтиханды өткізудің еркін тапсыру кестесі студенттер үшін аса тиімді құбылыс. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті бойынша алғашқы болып емтиханды өткізудің еркін тапсыру кестесін жүзеге асыру, біз үшін үлкен мәртебе. Емтиханды өткізудің еркін тапсыру кестесі студенттердің және оқытушылардың оқу жүйесіне елеулі жеңілдіктерін беруде. Оқу жылындағы студенттердің демалыс күндерін жүйелі түрде пайдалануға қолайлы мүмкіндік туғызып отыр, өйткені күзгі сессияны жаңа жылға дейін тәмәмдап, ата-аналарымыздың жанында жаңа-жылды қарсы алатынымызға, шіркін-ай не жетсін! Студенттің емтиханға толықтай дайын болған күні қалаған уақытында күнбе-күн немесе күнара тапсыруы студенттердің білім қорының дамып, ғылыми прогреске алға қарай қадам басуына жол ашады. Студенттік өмірімізді біршама жақсартатын емтиханды өткізудің еркін тапсыру кестесі біздерге ұнайды және тиімді деп есептеймін.
Мен білім нәрін алып отырған өзіміздің  «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектептің алдыңғы қатарда болғанын қолдаймын және мақтаныш етемін. Осындай емтиханды еркін тапсыру кестесін енгізіп, біздің жағдайымызды жасап отырған  университет басшылығына ризашылығымызды білдіреміз.