«Студенттік арнау 2016»

13.10.2016ж. күні «Химиялық инженерия және биотехнология» Жоғары мектебінің белсенділерінің ұйымдастырумен І курс студенттерінің «Студенттік арнау 2016» кеші өтті.

Кеш жүргізушілері: Шалхар Қанат және Саттарова Айдана.

Кеш қонақтары: Байболов Қанат Сейітжанұлы, Байконысов Ербол Рабикович, Болысбек Айдарбек Әлібекұлы, Исахов Мағжан Шыңғысұлы.

Студенттік арнау кешінде 1-ші курс студенттерінің арасында жаңа жұлдыздар жанды. Бәрі халық алдында: өлен айтып, би билеп өз өнерін көрсетті. Сондай- ақ біздің студенттік арнау кешінде «Химиялық инженерия және биотехнология» Жоғарғы мектебінің жаңа студенттік деканын Сыдығалиев Рахматулланы сайладық. Оған сәттілік және де жаңа жұмыс орнында жаңа табыс тілей отырып үлкен жеттістіктерді бағындыруға шын жүректен тілектеспіз, сонымен қоса бірінші және екінші курс студенттері Рахматулламен университетіміздін дамуына үлес қосуға уәде береді.