«Силикаттар технологиялары және минералдар синтезі»

2012 жыл 10 және 14 желтоқсан аралығында В.Г.Шухов атындағы Белгород мемлекеттік технологиялық университетінде (Ресей) ТМД және Батыс Европа елдеріндегі цемент өнеркәсіптері саласының ғалымдары және зауыт басшыларының қатысуымен «V – цемент өндірушілердің Халықаралық конгресі» өтті. Конгрестің бастаушысы және ұйымдастырушысы т.ғ.д., профессор И.Н.Борисов басқаратын «Цемент және композициялық материалдар технологиялары» кафедрасы (В.Г.Шухов атындағы БМТУ) болды.

Конгреске Ресей, Украина және Белоруссия мемлекеттеріндегі 40 шақты ірі цемент өндіру зауыттарының басшылары және өкілдері қатысты: ЖАҚ «ЕВРОЦЕМЕНТ», ААҚ «Сібірцемент холдинг компаниясы», ААА «Цемклуб», ЖАҚ «Осколцемент», ЖАҚ ММК «Мосинтранс», ААА «Полипласт Новомосковск», ААА «Якут Цемент» және т.б.
Конгрес жұмысы кезінде дүние жүзіне белгілі фирмалардың «Тиссен Крупп Полизиус АГ», «Aumund», «Loesche GmbH», ЖАҚ ТД «Кварц», ААА «Флисмидт Рус» және т.б., жаңа технологиялық құрал-жабдықтары: цемент пештерінің, ұсақтағыш-ұнтақтағыштарының, тасымалдау құрылғыларының, шаң аулағыштарының және т.б. кең ауқымды жетістіктері және мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен қатар, әртүрлі ЖОО және ҒЗИ келген ғалымдар өздерінің соңғы ғылыми жетістіктері бойынша баяндамалар жасады. Казіргі кезде, отын шығының көп болуына қарамастан ТМД мемлекеттеріндегі зауыттардың 70-80%, бұрыңғы ескі сулы тәсілмен жұмыс істеуде. Сондықтан, баяндамалардың көп бөлігі сулы тәсілдің тиімділігін арттыру, клинкеді күйдіруге кететін отын және жылумөлшерін төмендету, ұнтағыштардың және сулы тәсілдегі пештердің өнімділіктерін артыру, балама отын түрлерін қолдану, цемент материалдарын механоактивациялау болды.  
Соңғы жылдары «Силикаттар технологиялары және минералдар синтезі» және «Цемент және композициялық материалдар технологиялары» кафедралары (В.Г.Шухов атындағы БМТУ) арасында тығыз нәтижелі байланыстар орын алуда.
«Силикаттар технологиялары және минералдар синтезі» кафедрасының студенттері, магистрантары, докторанттары және оқытушылары Белгород қаласында іс-тәжірибеден және ғылыи тағылымдамадан өтуге барды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың шақыруымен Белгород университетінің профессорлары, техника ғылымдары докторлары И.Н. Борисов және В.Д. Барбанягрэ кафедрада лекциялық сабақтар, СҒЖЗ және кеңестер өткізді. Екі жақтың университет ректорларымен қол қойылған кафедралар арасындағы өзара серіктестік, іс-тәжірибе және тағылымдама өту, студенттердің академиялық ұтқырлығы бойынша келісім-шарттар түзілген. Осындай тығыз байланыстар нәтижесінде, біздің кафедра студенттері және оқытушылары оқу процесінде және ғылыми жұмыстарда көптеген пайдалы кеңестерге қол жеткізді. Белгород университетінің профессор-ғалымдарының портландцемент және басқа да тұтастырғыш материалдары технологиялары бойынша соңғы жылдардағы шығарған оқулықтары студентердің күнделікті ажырамас оқу әдістемелеріне айналды.