Салт-дәстүрді сақтай біл

2014 жылдың Наурыз айының 1 жұлдызында № 6 жатақханада Химия технологиялық факультетіндегі «Силикаттар технологиялары және минералдар синтезі» кафедрасы «Салт-дәстүрді сақтай біл» атты іс-шара өткізді.

Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениеті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Салт-дәстүрлі ел – мықты, әрі түбі берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер, тұрмыстық салт-дәстүрлер, әлеуметтік салт-дәстүрлер болып үшке бөлінеді.