«Рәміздер ел беделі»

2016-2017 оқу жылында «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің «Металлургия» кафедрасында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Рәміздер ел беделі» атты ашық тәлімгерлік сағаты өткізілді. Ашық тәлімгерлік сағатта мемлекеттік рәміздер бейнесін сипаттап, баяндамалар тыңдалынды. ҚР Мемлекеттік туы кіргізіліп, әнұраны айтылды. Ашық тәлімгерлік сағатта университет аға тәлімгері Бейсенов С.Д. және «ХИжәнеБ» жоғары мектебінің декан орынбасары Байысбай О.П сөз сөйледі. Іс-шарада патриоттық әндер шырқалып,  мың бұралған бишілер әр ұлттың биін көрермендерге ұсынды.