«Прометей» бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалану туралы семинар

Геоэкология және табиғатты пайдалану кафедрасында кафедрадағы ПОҚ және 5В060800-Экология мамандығы студенттерін қашықтықтан оқыту жүйесінің  сертификатталған  «Прометей» бағдарламасының мүмкіндіктерін  пайдалану туралы семинар өткізілді. Семинарға «Қашықтықтан оқыту технологиялар» қызметінің жетекшісі Досыбеков С.К. қатысты.

Презентация түрінде жасалған семинар 8 қараша 2012 ж 420 А аудиторияда интерактивті тақта пайдалану арқылы өтті. Қашықтықтан оқыту жүйесінің  сертификатталған  «Прометей» бағдарламасымен барлық семинарға қатысқан студенттермен кафедра мүшелері таныстырылды. Қашықтықтан білім беру технологиялары: TV технология, Кейстік технология, Желілік технология түрлерімен таныстырды.