PhD докторантура, магистратура

PҺD ДОКТОРАНТУРА, МАГИСТРАТУРА

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады: 6D072000 (PhD докторантура) және 6M072000 (магистратура) – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы».

2018-2019 оқу жылында 6М072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының мамандандырылған «Бейорганикалық қышқылдар мен тұздардың инновациялық технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша 68 магистрант ИИДМБ-2 аясындағы магистрлік жобаларын сәтті қорғады.

2018-2019 оқу жылында докторант С.Арыстанова докторлық диссертацияны сәтті қорғап, PhD докторы дипломын алды.

2019-2020 оқу жылында студенттер контингенті: 21 докторант және 15 магистрант.

2019 жылы 6D072000 - «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінде аккредиттеуден сәтті өтті.

2019-2020 оқу жылында Германияның ASIIN халықаралық агенттігінде бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламаларын қайта аккредиттеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

 

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды дайындау келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі: 6D072000 (PhD) және 6M072000 (магистратура) - «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы».

2017-2018 оқу жылында ИИДМБ-2 аясында 6М072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша «Бейорганикалық қышқылдар мен тұздардың инновациялық технологиялары» оқу бағдарламасы бойынша  67 магистрант магистрлік жобаларын сәтті қорғап шықты.

2017-2018 оқу жылында үш тыңдаушы - Азимовмов А.М., Абдуразова П.А., Шалатаев С.Ш. докторлық диссертациясын табысты қорғап, PhD доктор дипломын алды.

Докторант Арыстанова С.Д. 2018 жылдың қыркүйегінде докторлық диссертациясын табысты қорғады.

2018-2019 оқу жылында білім алушылар контингенті: 22 докторант, оның ішінде: 1 курс 12 докторант және 1 курс ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 10 магистрант. Бұдан басқа, Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша (ИИДМБ-2) профильді бағытта 2 курста 73магистрант оқиды.

2013 жылы 6М072000 - «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы германиялық ASIIN аккредиттеу агенттігінен халықаралық аккредитациядан өтті.

2014 жылы 6D072000 - «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстандық агенттігінен аккредитациядан өтті.

2018-2019 оқу жылында осы білім беру бағдарламаларын қайта аккредитациялауға дайындық жүріп жатыр.

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы аясында (ДҒЗЖ, МҒЖЗ) магистранттар мен докторанттарды бейіндік мамандықтар бойынша шетелдік ғылыми іс-тәжірибеден өткізу қарастырылған. Шетелдік серіктес университеттер болып табылады:

-Мюнхен  техникалық университеті (Германия)

-Беларусия мемлекеттік технологиялық университет (Минск қ.)

-Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті (Мәскеу қ.)

-Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық универстеті (Санкт-Петербург қ.) және т.б.

2017-2018 оқу жылында 3 кур докторанты Арыстанова Салтанат  шетелдік ғылыми тағылымдамадан Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық университетінде өтті (Санкт-Петербург қаласы).

Докторанттардың ғылыми кеңесшілері шетелдік ғалымдар:

- д.т.н., профессор Санкт-Петербургского государственного технологического университета Лавров Б.А. (г. Санкт-Петербург, РФ),

- д.т.н., профессор РХТУ им. Д. Менделеева Петропавловский И.А. (Москва, РФ),

- д.т.н., профессор Беларусского государственного технологического университета  Дормешкин О.Б. (г.Минск, Беларусь),

- профессор Университета Кардифф Прокопович П. (Великобритания),

- д.т.н., профессор Белгородского государственного университета им. В.Г. Шухова Борисов И.Н. (РФ),  

- д.х.н., профессор,  директор НИИ Химической технологии Джалилов А.Т. (г. Ташкент, РУз),

- д.х.н., профессор, директор Института Общей и неорганической Химии АН РУз Закиров Б.С. (г. Ташкент, РУз),

- д.т.н., профессор Санкт-Петербургского государственного технологического университета Дмитревский Б.А. (г.Санкт-Петербург, РФ).

2015 және 2016 жж. ИИДМБ бойынша оқитын магистранттарды профилді дайындауды мемлекеттік қаржыландыру есебінен шикізат пен дайын өнімге химиялық, физико-химиялық, динсиметриялық және гранулометриялық талдауына жабдықтар мен құралдар сатып алынды, 118B, 126AB және 331А арнайы зертханаларында орналасқан . Мұнда магистранттар күзгі-көктемгі семестр пәндері бойынша зертханалық жұмыстарды жүргізеді, сондай-ақ әзірленген әдістемелік нұсқауларды қолдана отырып, тәжірибелік-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

2017-2018 оқу жылында екі зертхананы аккредитациялау үшін дайындық жүргізілді - Поликомпонентті минералды тыңайтқыштар синтезі (331А) және Бейорганикалық қышқылдар мен тұздардың технологиясы (126AB). Бұл зертханаларға СЭС-тің оң қорытындысы алынды; құралдарды тексеру жүргізілді; білікті қызметкерлер; аккредиттеу туралы өтініш берілді; келісімшарттар жасалды және өнімдердің зертханалық сынақтары өткізілді; нормативтік құжаттар алынды.

2018 жылдың 5-8 ақпанында «НЦА» ЖШС (Алматы қ.) Погорелова Н.А Сараптамалық-аудиторының басшылығымен ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 стандартына сәйкестігіне зертханаларды бастапқы аккредиттеу жүргізілді.

2018 жылғы 19 сәуір НЦА оң қорытындысын растады және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің  ХПИиСМ сынақ орталығы құрамындағы екі зертхананы аккредиттеу туралы куәлікті алды.