«Өлмейтұғын артында із қалдырған» атты іс-шара

      19.02.2020ж күні сағат 12:00 де А-ғимаратының 127-ші дәрісханасында «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай «Өлмейтұғын артында із қалдырған» атты іс-шара болып өтті. Іс-шараға жоғары мектеп деканы т.ғ.д., профессор Анарбаев Абибулла Әбілдаұлы, тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің маманы Бейсенов Сембай Дайрабайұлы, жоғары мектеп деканының әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары т.ғ.к., доцент Байысбай Өмірбек Пернебайұлы және топ тәлімгерлері мен жоғары мектеп студенттері қатысты. Іс-шарада Абай Құнанбаевтың Өмірбаяны, өлеңдері және қара сөздері оқылды.