Оқу-әдістемелік жұмыстар

2016/2017 жылдық оқу жылында кафедрада 5В072100- «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» (бакалавриат) күндізгі, сырттай, қысқартылған және жеделдетілген оқу түрлері, 6М072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және 6М073900-«Мұнай химиясы»  (магистратура), 6D072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» (доктарантура) бойынша типтік оқу жоспарына сай жұмыс оқу жоспарлары құрастырылып, бекітілген.

МОБ ОБ ОЗХТ әрбір пәнінен пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) құрастырылды. ПОӘК бойынша республикалық конкурстарына сәйкес 1,2 дәрежелі авторлары т.ғ.к., проф. Пусурманова Г.Ж. (магистратура) -1 орын, аға оқытушы, магистр Сарсенбаева А.У. (бакалавриат) -2 орын дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Кафедрада оқу процесінің белсенділігін арттыру мақсатында белгілі әдістермен қатар, инновациялық оқыту әдістері қолданылады, олар бірін-бірі толықтырып отырады. Оқу процесіне интерактивті және диалогты түрдегі оқыту әдістері электронды оқулықтар, бейнефильмдер, виртуалды зертханалық жұмыстар, кейс-студиялар кеңінен қолданылады.

Әр оқытушы студенттерге іс жүзінде кездесетін жағдайяттарды көрсетіп талдау жасауға тырысады (практикалық және семинар немесе СӨЖ/СОӨЖ түрінде). Проблеманы талдау және талқылау оқушылар мен оқытушының қатысуымен жүзеге асырылады. Лабораториялық құрал-жабдықтар компьютерге қосылған, ол өз кезегінде зерттеулер нәтижелерін  компьютерлік өңдеуге мүмкіндік береді.

        Ағылшын тілінде оқитын студенттерге мамандық бойынша өткізілетін іс-тәжірибені ұйымдастыру мен өткізуге және дипломдық жұмыстар мен жобаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар баспадан шығарылды.

Электрондық оқулықтар мен виртуальды жұмыстардың жасалуы

Білім беру сапасын жақсарту мақсатында кафедраның  профессорлық-оқытушылық құрамы төмендегі виртуалдық зертханалық жұмыстар мен электрондық оқулықтар құрастырды:

1. Сырманова К.К., Ривкина Т.В. «Товарные нефтепродукты» Электрондық оқулық. –6М072100 ОЗХТ мамандығының магистранттарына арналған.  М.Әуезов атын. ОҚМУ, 2016. 7,0 МБ.

       2. Бейсенбаев О.К., Искендиров Б.Ж., Иса А.Б. «Өндірістік мұнайхимиялық процестер». 6МВ072100 – ОЗХТ және 6М073900-Мұнайхимия мамандығының магистранттарына арналған. М.Әуезов атын. ОҚМУ, 2016. 7,0 МБ.

        3. Бейсенбаев О.К., Искендиров Б.Ж., Иса А.Б. «Промышленные нефтехимические процессы» 6М072100- ОЗХТ және 6М073900-Мұнайхимия мамандықтарының магистранттарына арналған. 

Оқу бағдарламасын оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету мақсатында 2016/2017 оқу жылынның жылында  жоспарланған ОӘӘ баспадан шығару 100% орындалды