Оқу-әдістемелік жұмыстар

5В070100-Биотехнология мамандығының білім беру бағдарламасы нақты білім, дағдылар мен әдістемелік мәдениет, сондай-ақ тиісті мазмұны мен белсенді оқыту әдістерін өңдеу саласында енгізу арқылы инновациялық инженерлік қызметті жүзеге асыру үшін кешенді оқыту мақсатты қалыптастыруды көздейді. Білім беру процесін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын перспективалы әдістерінің бірі студенттерге оқу процесінде нақты жағдайды талдау және шешу жөніндегі назар аударуға мүмкіндік беретін білім берудің бастапқы нүктесі болатын мәселелік-бейіндік бағдарланған тәсіл болып табылады.

Сабақта студенттердің танымдық белсенділігін арттыру үшін жүйелі заманауи аудио және бейне материалдарды, электрондық оқулықтар мен оқу құралдары, бейне дәріс, виртуалды зертханалық, мультимедиялық технологияларды, интерактивті тақталар, мамандандырылған зертханалар пайдаланылады.

Бакалаврларды «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойыншы дайындау негізінен ұлттық еңбек нарығына негізделген.  Оқыту курстары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Ағылшын тілінде мамандық оқыту траекториясына келесідей пәндер кіреді:  «Биохимия» және «Микробиология және вирусология», «Тағам биотехнологиясы», «Экологиялық биотехнология», «Адам және жануарлар физиологиясы».

Оқу жүктемесінің жылдық жоспарлануы және бөлінуі оқытушылардың біліктілігіне сәйкес орындалады. Әсіресе, дәрістік оқу жүктемесін бөлу кезінде  алдын оқытылған пәндердің ерекшеліктері ескеріледі. Оқу жүктемесі 30 кредиттен семестрлер бойынша магистратура, күндізгі оқыту және ағылшын тілінде оқыту ерекшеліктері ескеріліп барынша бірдей бөлінді.

Ағылшын тілінде оқытылатын топтарға білім беру процесі  ағылшын тілі деңгейін жетілдіру бойынша курстарды аяқтау туралы сертификаттарға («Интер-Пресс» ағылшын тілі курсы; «Асыл Асет» ағылшын тілі курсы және «Senior»  (speaking); Academic English ОҚМУ тілдерді дамыту орталығы курстары (speaking), Food Industry (ESP), «EL  professionally oriented course») ие білікті оқытушылардың қатысуымен жүргізіледі. 

Теориялық курсы аяқталғаннан кейін міндетті түрде өндіріс орындарында жүргізілу қамтамасыз етіледі. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде ұйымдастыру жұмыстары «Кәсіптік  іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу» СМЖ ОҚМУ ОЛ негізінде жүргізіледі. 

5В070100-Биотехнология мамандығының студенттерінің оқу процесі бектітілген жұмысшы оқу жоспары және академиялық күнтізбе, сәйкес келетін типтік оқу жоспарларына байланысты жүзеге асырылады.

 Теориялық оқыту, сессиялар, іс-тәжірибенің барлық түрлері, мемлекеттік емтихандар, курстық жұмыстар академиялық күнтізбе бойынша орындалуы қатаң сақталады. 

2017-2018 оқу жылына оқу жоспары  5В070100-Биотехнология мамандығының   типтік оқу жоспары негізінде жасалған. 2016 жылы 5 маусым № 425 ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №98,  сонымен қатар 2016 жылы 13 мамырда №292 өзгерістер мен  толықтырулар еңгізіліп ЖОО қаулысы жасалды.

5В070100-Биотехнология мамандығы бойынша бакалавриаттар үшін Модульді білім беру бағдарламасы (МБББ) ЖОО МЕСТ сәйкес жасалған, ол №1080 бұйрығымен 2012 жылы 23 тамызда, №292 бұйрығымен 13.05. 2016 жылы өзгерістер мен толықтырулар бар ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген және кафедра мәжілісінде  (№19 хаттама 19.06.2017ж.) қарастырылған және бекітуге ұсынылған. Модульді білім беру бағдарламасын жасау және қарастыру кезінде потенциалды жұмыс берушілер-Республикалық мал дәрігерлік зертханасының Оңтүстік-Қазақстан   филиалы директоры Қалтаев А.Ж. қатысты.

 Модульді білім беру бағдарламасы негізінде мамандықтың оқу жоспары және 2017-2018 оқу жылына жұмысшы оқу жоспары  құрастырылды.