ОҚО саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражай әкімшілігі «Қазақ хандығының 550-жылдығына», сондай-ақ «1931-1933 жылдардағы ашаршылық» атты фильмдер мен интербелсенді лекциялар жүргізді

04.02.2016ж., ауд.127 «А» ғимаратында Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражай әкімшілігі «Қазақ хандығының 550-жылдығына» сондай-ақ «1931-1933 жылдардағы ашаршылық» атты фильмдер мен интербелсенді лекциялар жүргізді.

Іс шараның мақсаты: Елбасының тапсырмасына сәйкес бүгінгі таңда еліміздің жаңа тарихын жазуға, қалыптастыруға, насихаттауға барлық күш-жігер жұмсалып отырғанын білеміз. Осы тұрғыда ұлты үшін жанын қиған Алаш арыстарын қуғын-сүргінге ұшырап, құрбан болғандарды ерекше құрметтеп, олар туралы тереңдете оқып біліп, жас ұрпақтың санасына сіңіру.

Іс шараға Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражай әкімшілігінің ғылыми қызметкері Бейсова Дариға Жаркинбаевна дайындап келген «Қазақстандағы ашаршылық» тарихы жөнінде  презентация  көрсетіп біраз түсініктеме жұмыстар жүргізді.

Қазақ халқы өзінің өткен ұзақ тарихында ашаршылыққа сирек ұшыраған. Тек “ақтабан шұбырынды...” сияқты жаугершілік жылдары, аштық құрбандарының саны 2 млн. 200 мың адамнан асып түскен. Негізінен жас балалар мен Әйелдер қырылғандықтан оның демографиялық зардабы ауыр болды. Қазақтардың сан жағынан өсуін қатты тежеді. Кейіннен асыра сілтеушіліктің шын мәні саяси бүркемеленгенімен бұл ашарщылық “қызыл қырғын”, “голощекиндік геноцид” деген тарихи атқа ие болды. Голощекиндік геноцидтің Қазақ халқына алып келген шығыны әлем тарихында (процент есебімен) гитлершілдердің Еуропадағы еврейлерге жасаған сойқанымен пара-пар келіп, Кампучиядағы “қызыл қырғын” зардабынан асып түседі. 1932 мешін жылы болған бұл зұлмат 20-ғасырдағы адамзат баласына қарсы жасалған ең өрескел қылмыстардың бірі болып саналады. Әр жылдың 31 мамыры күні Қазақстан халқы осы “қызыл қырғын” құрбандарын еске алады. Аталмыш іс шараға «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің профессор-оқытушы құрамы және жоғары мектептің студенттері қатысты.