Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы

 

Кафедра меңгерушісі

 

Сақыбаева Сауле Әбдіразаққызы

 

техника ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Мекен жайы: Тәуке хан даңғылы, 5, ОҚМУ, корпус №2 (Б), каб. 309 Б

Телефон:21-19-66

 

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жаңалықтар

Кафедра туралы жалпы мағлұматтар

 

Кафедраны 2004 жылдан бастап осы уақытқа дейін т.ғ.к., профессор Сауле Абдразаковна  Сакибаева меңгереді.

Кафедра келесілерді:

  • 5В072100- «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврларды. Білім беру бағдарламасы  аясында келесі мамандандырулар іс асырылады: «Мұнай, газ және көмірдің химиялық технологиясы»;  Мұнайхимиясы өндірісінің технологиясы». Мамандық Германияның ASIIN  халықаралық агенттігінде       мемлекеттік аккредитациядан өткен.
  • 6М072100- «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» 6М073900 –«Мұнайхимиясы» мамандықтары  бойынша магистрлерді;
  • 6D072100 «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша PhD докторларын дайындайды.

       Келтірілген мамандықтар ұлттық рейтингі қорытындысы бойынша елімізде үздік үштікке енген. 

       Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасы жылу-энергетикалық комплексінің маңызды мәселелерін шешуге бағытталған.

 

       Кафедра тарихы

 

        1962 жылы Қазақ  химия – технологиялық институтында  (КазХТИ)  -  «Пластмасса технологиясы» және   «Мұнай мен газды өңдеу технологиясы»  кафедралары ашылды.Кафедраның  педагогикалық және ғылыми жұмыстарына сол кездегі белгілі ғалымдар жұмылдырылды.

       1997 жылы университет  құрылысын қайта ұйымдастыру кезінде  бұл екі кафедра біріктірілді. Қайта құрылған «Мұнай, газ және полимерлер  технологиясы» кафедрасы көптеген жылдар бойы химия- технологиялық факультетінің  тәжірибелі, білімді және талантты, алдыңғы қатарлы бөлімі ретінде таныла білді.

       2013 жылы кафедра «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» болып қайта өзгертілді және ол Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебі құрамына кірді.

        Қазіргі уақытта профессор Сакибаева С.А. жетекшілік етуімен  кафедра белсенді түрде дамуда: жаңа ғылыми және оқу лабораториялары ашылды, жаңа приборлар мен жабдықтар алынды; Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ғылыми жобалар орындалуда.

 

      Еңбектері мен жетістіктері

 

Білім беруде  сапаны қамтамасыз ету  Тәуелсіз Қазақстан агенттігінің бағдарламалы рейтингісі нәтижесінде барлық деңгейдегі  білім беру бағдарламасы ел бойынша ТОП-3 құрамына енді:

Органикалық заттардың химиялық  технологиясы

Бакалавриат 5В072100

Бакалавриат 5В072100

Аккредиттеу және рейтинг Тәуелсіз агенттігінің нәтижесі бойынша «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы барлық деңгейде  ТОП-3 құрамына енді:

 

Органикалық заттардың химиялық технологиясы

Бакалавриат

5В072100

3 орын

Магистратура

6М072100

2 орын

Докторантура

6D072100

2 орын

Кафедра өмірінде халықаралық аккредиттеуден ASIIN неміс агенттігінде өту маңызды кезең болды. Білім бер бағдарламасының түлектері дипломмен бірге еуропалық үлгідегі қосымша алады.

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары   бағыттар

 

«Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» кафедрасы базасында кафедра қызметкерлерінің жетекшілік етуімен 5 ғылыми жобалар  ҚР БжҒМ қаржыландыруымен  орындалуда, оның ішінде 1-і халықаралық статусқа ие:

«Спорттық және жабынды төсеніш жасау үшін реакцияға түсу қабілетті олигомерлер негізінде композицияны құрастыру»

«Мұнай шламдарын кешенді өңдеу технологиясын құрастыру»

« Мұнайгаз өткізгіштерін антикоррозиялық қорғау үшін полимерлі композициялық материалдарды алу технологиясын құрастыру»

« Мұнай, мұнай өнімдері және өндірістік сулардың сапалық сипаттамаларын жоғарылату үшін политфункционалды адсорбенттерді алу технологиясын құрастыру»

«Қазақстан мұнайларынан      экологиялық  таза  тауарлы отындарды алу технологиясын құрастыру ».

Ғылыми зерттеулерге студенттер, магистранттар мен докторанттар жұмылдырылған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жыл сайын  студенттік ғылыми конференцияларда талқыланады және республикалық олимпиадада баяндалады.

 

Халықаралық қатынастар

 

 «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» кафедрасы жыл сайын маусым айында Мұнай инженерингінің Жазғы мектебін шет ел профессорларын жұмылдыру арқылы өткізеді. Мектеп тыңдаушылары ретінде отандық жоо студенттері қатысады.

 Жазғы мектептің  жетістігі студенттердің мұнай және мұнайхимиясы саласы бойынша заманауи білім алуға, ал шет ел оқытушыларына интернационалистік ұжымдағы тәжірибені алу ғана емес, сонымен қатар Орта Азияның мәдениеті мен ұлттық нақыштарымен танысуға,біздің аймақтың  көркемсурет  орындарын көруге мүмкіндік береді.

        И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетімен бірге 3 жыл бойына «Мұнайды өңдеу технологиясы» бірлескен магистрлік бағдарлама іске асырылуда, яғни түлектер 2 диплом алады.

       Кафедра студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасына белсене қатысады және дүние жүзінің алдыңғы қатарлы жоо  білім алады.

        Кафедра магистранттары мен докторанттары жыл сайын біліктіліктерін жоғарылату үшін шет елдерде, оның ішінде И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, Қазан ұлттық зерттеу техникалық университеті, Прага химия технологиялық университетінде тәжірибеден өтеді.

        Кафедра студенттері Қазан ұлттық зерттеу техникалық университетінің базасында оқу іс- тәжірибесінен өтуге,сонымен қатар Қазан қ. өндіріс орындары мен химия өндірісінің жұмыстарымен танысуға мүмкіндіктері бар.

       Шет ел профессорлары «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» кафедрасы докторанттарының  зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді.

Кафедра ғалымдары шет ел профессорларымен бірлесіп мақалалар жариялайды, оқу құралдарын баспадан шығарылады.

Кафедраның серіктес -жоо

И.М. Губкин атындағы Ресей  мемлекеттік мұнай және газ университеті  (Москва қ., Ресей  Федерациясы)

Волгоград мемлекеттік  техникалық  университеті (Волгоград қ., Ресей  Федерациясы)

Картинки по запросу университет кантабрии

Кантабрии  университеті ( Сантандер қ., Испания)

Прага химиялық технология  университеті  (Прага қ., Чехия Республикасы)

Картинки по запросу Казанский национальный исследовательский технический университет

Қазан ұлттық зерттеу  техникалық  университеті

 

Іс-тәжірибе, серіктес-өндіріс орындары

 

       Студенттердің іс-тәжірибелері Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы мұнайхимиясы  және мұнай өңдеу өндіріс орындарында «ПетроКазахстанОйлПродактс» ЖШС (Шымкент қ.); «Атырау мұнай өңдеу  зауыты» (Атырау қ.); «Павлодар мұнайхимиясы зауыты» АҚ; «Шымкент полипропилен бұйымдары зауыты» ЖШС, «Экошина» ЖШС, «Марсель Петролеум» ЖШС, «КМНПЗ»  ЖШС (Кызылорда қ.), «LPG-сервис» ЖШС, «Нефтехимстрой-Юг» ЖШС; «Hillcorporation» ЖШС және т.б. өтеді.

       Жаңа іс-тәжірибе орындарымен «KazakhstanPetrochemicalIndustriesInс.» ЖШС («Казахстан ПетрокемикалИндастриз Инк.») (Атырау қ.), И.М. Губкин атындағы мұнай және газ РМУ  (Москва қ.), ГУП мұнайхимөңдеу институты (Уфа қ., Башкортастан) келісім-шарт жасалған.