«Мәңгілік ел – менің Қазақстаным»

2016-2017 оқу жылында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті «Химия инжерения және Биотехнология» жоғары мектебінің «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасында ұйымдастырған Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел – менің Қазақстаным» атты ашық тәлімгерлік сағаты өткізілді. Ашық тәлімгерлік сағатта тәуелсіздігіміз жайлы баяндамалар, видеороликтер мен патриоттық әндер тыңдалды. Ашық тәлімгерлік сағатта университет аға тәлімгері С.Д. Бейсенов және «БЗХТ» кафедрасының аға тәлімгері А.Д.Қыдыралиева сөз сөйледі. Іс-шарада сазды әуендер шырқалып, мың бұралған бишілер көрермендерге әсем биін ұсынды.