"Металлургия" кафедрасы ашық тәлімгерлік сағат өткізді

«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің «Металлургия» кафедрасында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «ХХІ ғасыр – Қазақстанның жұлдызды сағат ғасыры» атты ашық тәлімгерлік сағаты өткізілді. Ашық тәлімгерлік сағатта тәуелсіздігіміз жайлы баяндамалар тыңдалып, сазды әуендер шырқалды. Мың бұралған бишілер көрермендерге әсем биін ұсынды.