Металлургия

 

 

Кафедра меңгерушісі м.а.

 

Каратаева Гульнара Ергешовна

 

техника ғылымдарының кандидаты, доцент

 

 

 

 

Мекен жайы: ОҚО Шымкент қ., Ғ. Илияев көш, А корпусы, 114 каб.

Тел: 8(7252)30-06-51

►Профессор-оқытушылар құрамы

Жалпы мәлімет

«Металлургия» кафедрасы  «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектептің құрамына кіреді. Кафедрада бітірушілер шығарылады, 2011 жылы университет Кеңесінің шешімімен (05.09.11 ж. № 210 бұйрығымен) ұйымдастырылған.

         5В070900 - «Металлургия» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламасы шеңберінде келесідей мамандандандырулар жүзеге асырылады: «Түсті металдар металлургиясы», «Қара металдар металлургиясы», «Электрометаллургия».

         Бакалаврларды дайындауда 2 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаттары, химия және химиялық технология 1 магистрі қызмет атқаруда. Оқу үрдісіне ғалымдар мен жетекші мамандар -  металлургия саласындағы өндірісшілер жұмылдыруда.

         2014 жылы 5В070900 – Металлургия білім беру бағдарламасы  білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз қазақстандық агенттігіндегі стандарттардың критериясына сәйкес институциялық (Республикалық) арнайы аккредитациядан өтті.

Қазіргі уақытта кафедрада күндізгі бөлімде 199 студенттер, соның ішінде білім беру гранты бойынша – 194 студенттер және ақылы негізде – 5 студент білім алуда.

 

Оқу ісі      

Оқу үрдісі кредиттік технология бойынша ұйымдастырылған  және оқу жұмыс жоспарымен және модульді білім беру бағдарламасымен 5В070900–«Металлургия» мамандығына сәйкес орындалады.

         Мамандардың дайындалуы арнайы пәндер бойынша жүргізіледі, сонымен қатар талап етілген базалық және МЕМСТ мамандық бойынша бекітілген таңдаулы пәндері де жүргізіледі.

Барлық пәндердің оқу жоспары бойынша оқу-әдістемелік бағдарламалары «SYLLABUS» және оқу - әдістемелік комплекстері бар, сонымен қатар лабораториялық және практикалық өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулары бар.Мамандықтың кәсіби және базалық пәндер бойынша, аталған қазақ және орыс тілдеріндегі әдістемелік нұсқауларымен, қамтамасыз етілуі 100 % құрайды. Оқу пәндері қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптармен, оқулықтармен қамтамасыз етілген.

Кафедрадағы оқытушылар дәстүрлі, инновациялық технология тәрізді оқытудың

Кафедра оқытушылары сабақтарда дәстүрлі, сондай-ақ инновациялық технология түрінде оқытудың әртүрлі тәсілдерін кеңінен қолданады. Сабақтардың көпшілігі  презентация, ғылыми мақалаларды, демонстрация жүргізу және әрі қарай оқу бейнефильмдерін талқылау арқылы жүргізіледі (кафедрадағы барлық ПОҚ );  арнайы бағдарламалы кешендерді пайдалану (термодинамикалық үлгілеу: Астра, Outocоmpu НSC5.1, Domplaw домналы процесін автоматты жобалау, LD конверторлы үдерісін жобалау, корреляциялы-регрессиялы бағдарламасын талдау, AutoCad жобалау-конструкторлық бағдарламалы қамтамасыз ету, болатты электрлі балқыту технологиясын оңтайландыру бағдарламалары, виртуальды зертханалық жұмыстар), металлургиялық үдерістерді  ұсынатын  қызмет түрлері (домна өндірісі, конверторлы өндіріс, болатты электрлі балқыту өндірісі, металлургиядағы ғылыми жұмыстар); пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру (кафедрадағы барлық ПОҚ); дәрістер мен зертханалық сабақтардың презентациясы, интерактивті тақтадағы виртуалды зертханасының демонстрациясы (болаттар мен қорытпаларды пештен тыс өңдеу процестерін зерттеу, металл оксидтерінің тотықсыздану үдерісінің кинетикасын және т.б. зерттеу)  интерактивті тақта ресурстарын пайдалану (кафедрадағы барлық ПОҚ).

Кафедрада студенттердің дайындалуы келесі пәндер бойынша жүргізіледі: «Металлургиялық процестердің теориясы», «Металлургиялық процестердің технологиясы», «Металлургиялық мамандыққа кіріспе», «Пайдалы қазбаларды байыту», «Асыл металдар металлургиясы», «Түсті металлургиядағы өндіріс жабдықтары», «Студенттердің оқу-зерттеу жұмысы», «Мыс және никель металлургиясы», «Металдарды штамптау технологиясы», «Металлургиялық өндіріс технологиясы I», «Кремний және кремнийлі қорытпалар металлургиясы», «Негізгі ферроқорытпалардың технологиясы», «Пайдалы қазбаларды қазып алу технологиясы», «Қорғасын, мырыш, вольфрам және молибден металлургиясы», «Темірді тікелей алу және домна өндірісінің технологиясы», «Болатты конверторлы өндіру технологиясы», «Болатты электрлі балқыту өндірісінің технологиясы», «Түсті металлургияда шикізатты кешенді қолдану», «Хромды және марганецті ферроқорытпалар металлургиясы», «Металлургиялық шикізатты дайындау және фабрикаларды байыту, металлургиялық цехтарды жобалау», «Домна және болат балқыту пештерінің конверторларын құрастыру», «Қара металлургияда шикізатты кешенді қолдану», «Қара металлургия  өндірісінің жабдықтары», «Электрлі балқыту және кенді термиялық пештерді құрастыру», «Түсті металлургиядағы пештерді құрастыру». Оқу екі тілде жүргізіледі – мемлекеттік, орыс.

Дуальды білім беру

«Металлургия» кафедрасында 2013-2014 оқу жылынан бастап «Ferrum vtor» ЖШС базалық кәсіпорынмен 5В070900- «Металлургия» бакалавриатын дайындау бағыты бойынша дуальды білім беру ұйымдастырылды.

Оқытудың дуальды жүйесі – бұл мамандарды дайындау бойынша өндірістік мен білім беретін саланың өзара әрекеттесуімен  келісуді ұсынатын мақсатқа сәйкес кәсіби дайындауды ұйымдастырудың инновациялық түрі.теория мен практика тепе-теңдік принципі бойынша, яғни оқу мерзімінің жартысы жоо-да, ал басқа жартысы кәсіпорында жүзеге асырылады. Оқытудың дуальды түрін меңгеру маманды дайындауда – теория (жоғары оқу орнымен) мен практика (өндіріспен) аралығындағы үйлеспеушіліктің негізгі мәселесмін шешуге мүмкіндік береді. Жұмыс берушілермен бірге модульді білім беру және жұмыс оқу бағдарламасы жасалынған.

Қазіргі уақытта дуальды жүйеде 2 курстың (ХТ-13-2дк1 және ХТ-13-2дк2) 20 студенттер білім алуда.

Білім берудің  дуалды түрін жүзеге асыру үшін М.Әуезов атындағы ОҚМУ және «Ferrumvtor» ЖШС базалық кәсіпорын арасында  келісім шарт жасалынды. Модулді білім беру, оқу жұмыс жоспары және күндізгі (дуалды) оқу түрі жасалынды.

 

Магистратура

2014-2015 оқу жылында «Металлургия»  кафедрасына (27.06.2014жылдан бастап №006 қосымша) 6М070900- «Металлургия» мамандығы бойынша магистрлерді дайындауда ҚР ҒБМ 14.11.2012 жылдан бастап  № 12019073 лицензия берілді.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 6М070900- «Металлургия» мамандығы бойынша 1, 1,5 және 2 жылдық оқу мерзімінде магистрлерді дайындау жүзеге асырылуда.

2015-2016 оқу жылында 6М070900- «Металлургия» мамандығына ақылы ғылыми-педагогикалық оқуға магистратураға МХТ-15-6нр тобына Тулеев М. және  Аманов Д. 2 магистранттары түсті.

 

Тәрбие ісі     

    1)Студенттер арасындағы тәрбие жұмысы кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына және тәлімгерлер жоспарына  сәйкес жүргізіледі. Топ тәлімгерлері студенттердің ағынды, аралық үлгерімін бақылайды. Бақылау апталарының нәтижелері топ жиналыстарында және кафедра отырыстарында талқыланады.

    2) Топ тәлімгерлері әрдайым № 6 жатақханаға барып тұрады, студенттердің бос уақыттарына, тұрмыстық проблемаларына қызуғышылық білдіртіп, мүмкіндіктері келгенінше шешуге жәрдем береді; сабақ жүргізетін оқытушылармен кездеседі.

    3) Жыл бойы тәлімгерлік сағаттарда ҚР нормативті-құқықтық құжаттары талқыланады. Академиялық топтарда білім сапасын жақсарту үшін жоғары квалификациядағы мамандарды халықаралық стандартарға сәйкес дайындау үшін ҚР Президентінің Қазақстан халқына  Үндеуі талқыланады.Кафедраның академиялық топтарында, ҚР Конституциясына арналған «Тәуелсіз елдің тұғыры- Ата заң» тақырыбы тәлімгерлік сағаттарда талқыланады.

    4) М.Әуезов атындағы ОҚМУ- ің 71-жылдық мерейтойына тәлімгерлік сағатын және кездесу жүргізу және ұйымдастыру. Студенттердің «Президенттік тесттер» бағдарламасы бойынш спартакиадаға  қатысуы.

    5) ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан 2050» Стратегиясы», бағдарламасын, ҚР Конституциясын, ҚР «Білім  туралы» заңын, “Expo 2017” Әлемдік көрмесін түсіндіру және талқылау.

    6) Академиялық топтар «Менің таза – Оқу орным» атты сенбілікке кестеге сай қатысып белгіленген университет ауласын тазалап және ағаштарды әктеп өз үлестерін қосуда.

 

Академиялық мобильділік

Білім беру бағдарламасындағы маңызды факторлар – ол академиялық ұтқырлық, ол тәжірибені және іс-тағылымдаманы елдегі немесе шет елдегі басқа оқу орындарында оқу жоспарындағы пәндерді өтуін қарастырады.

2013-2014 оқу жылындағы көктемгі семестрінде академиялық ұтқырлықпен мамандығы  «Металлургия» екі 2-ші курс студенттері             (В.Н. Овчиникова –  ХТ – 12 - 2р тобы  және  Д.Е. Акылбек –  ХТ – 12 - 2к2  тобы) «LeoberMontan»

(Австрия) университетіне жіберілді, сертификаттар алды.

2015 жылы мамыр айында т.ғ.к., аға оқытушы Н.Н.Зобнин  Таш-Комур қаласы, Қырғызстанда, Қырғыз ферроқорытпа зауытында (23.05.2015жылдан бастап ғылыми-өндірістік тағылымдама туралы куәлік) тағылымдамадан өтті.

Студенттердің іс-тәжірибесі

Іс-тәжірибенің өтуі бекітілген келісім шартқа сәйкес келесідей кәсіпорындарда өтеді: «Кастинг» ЖШС, «Стекло К» ЖШС, «Оңтүстік-Қазақстан химиялық сараптама орталығы» ЖШС, «Югстройпродукт» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы - Қарағанды құйма зауыты, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы - «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігі, Құйма-механикалық зауыт, ЖЖФЗ «Казфосфат» ЖШС, «Нуран» ЖШС, «Феррум втор» ЖШС, ЖШС «Ертіс сирек жер компаниясы», «Өскемен титан-магнийлі комбинаты» АҚ, «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» Мемлекеттік ғылыми-өндірістік өнеркәсіп экологиясының «Казмеханобр» бірлестігі РМК филиалы, «Қазхром» ТҰК филиалы Ақсу ферроқорытпа зауыты,  «МШКӨ ҰО» «ШҒЗИТүстімет» РМК филиалы, «Қазмырыш» ЖШС, «Кастинг» ЖШС, Ж.Абишев атындағы Химия-металлургиялық институты ДГП, «РУ-6» ЖШС ТҰК «Қазатомпром», «Орталық» Қазып шығаратын кәсіпорны» ЖШС «Қазатомпром» ТҰК, «Қазақстан алюминийі» АҚ.

Оңтүстік Қазақстан аймағында кадрлардың қажеттілігін анықтау мақсатында кафедра  –  металлургиялық кәсіпорындардың еңбек қорларының балансын зерттеу үшін 8 металлургиялық кәсіпорындарға сауалнама жіберді. Олардың ішінде, ЖШС «Қазфосфаттағы» ЖЖФЗ, ЖШС «Ақтау құю зауыты», ЖШС «Ертіс сирек-жер металдар компаниясы», ЖШС «Қазақмыс  корпорациясы» филиалы Қарағанды құю зауыты  сияқты кәсіпорындар бар. Сауалнаманың мақсаты – зауыттардың жоғары білімді мамандарға жыл сайынғы сұраныстары 100 адамды құрайды.

 

Ғылыми бағыт    

Кафедраның негізгі ғылыми бағыты – хлорлап-тотықтыра айдау әдісімен қара және түсті металлургияда кондиционды емес табиғи және  техногенді шикізатті кешенді өңдеу теориясы мен технологиясы.

Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстары мемлекеттік бюджеттік және гранттық қаржыландыру бойынша,  елдің приоритетті дамуына сәйкес жүргізіледі.

Кафедрада келесідей технологияда өндірістік зерттеулер өткізілді және жасалынды:  

    - Қорғасын өндірісіндегі шлактарды кешенді электртермиялық хлоридті өңдеу (Тлеукулов О.М., Донских Д.К., Шевко В.М., Оспанов С.С.);

    - Хлоридті конвертирлеу әдісімен кедей шлактарды қайта өңдеу (Шевко В.М., Айткулов Д.К.);

    - Жайрем, Кемпірсай Ni-Co кендерін және Екібастұз-Шидеринск кен орнындағы оксидті мырыш кендерін хлоридті өңдеу (Шевко В.М., Абжанова А.С.);

    -  Cu концентратын және ферроқорытпаны алу арқылы орталық Қазақстандағы оксидті кендерді өңдеудің кешенді хлорлы-электротермиялық әдісі (Шевко В.М., Айткулов Д.К., Айткулов Б.Д.);

    - Домна, конвертер-электрлі болат балқыту өндірісінің шлактары мен шаңдарын кешенді өңдеу (Шевко В.М., Томилин И.А.);

    - Фосфориттің агломерациясы кезінде кондиционды емес көміртекті құрайтын материалдарға коксты алмастыру технологиясы (Шевко В.М., Тлеуов А.С.);

    - Агломератты және концентраттарды алу арқылы агломерациялық-хлорлы әдіспен кондиционды емес кендерді, аршылған жыныстарды, кедей шлактарды қайта өңдеу (Шевко В.М., Дарибаев Ж.Е., Тлеуова С.Т., Утеева Р);

    - Хлорлы көмір сутектерді пайдалану арқылы кондиционды емес шикізатты хлорлы қайта өңдеу (Шевко В.М., Битанова Г.А.);

    - кешенді Ca-Ba-Fe-Al-Si қорытпаларды және күкірт қышқылын, силикокальцийді, ферросилицийді, кальций карбидін алу арқылы баритті, фосфогипсті кешенді қайта өңдеу(Шевко В.М., Капсалямов Б.А.,Калашников Е.Я.);

- Кешенді Si -Al- Fe қорытпаларды алу арқылы кондиционды емес Торғай бокситтерін қайта өңдеу  (Шевко В.М., Капсалямов Б.А.);

    - Ферросилицийді алу арқылы Жайрем және Шалкинск кен орындарындағы қиын балқитын кендерді кешенді электртермиялық қайта өңдеу (Шевко В.М., Капсалямов Б.А., Картбаев С.К.);

    - Ферросилицийді, кальций карбидін және мырыш концентратын алу арқылы оксидті Ащысай кендерін қайта өңдеу (Шевко В.М., Капсалямов Б.А.);

    - Катализаторларды құрайтын өңделген Ni-Co-Mo-V хлорлы қайта өңдеу (Шевко В.М., Бадирова Н.Б.);

    - Жаңа кешенді марганоферросиликофосфорды электртермиялық алу                (Шевко В.М., Сержанов Г.);

- Ферроқорытпа өндіріснде косталмаған көмірді және олардың қазып алынған қалдықтарын пайдалану (Шевко В.М., Сержанов Г.,  Каратаева Г.Е., Утеева Р.А.);

- Феррофосфорды өңдеудің энергия сақтайтын технологиясы                                 (Шевко В.М.,Сержанов Г., ЛавровБ.А., Каратаева Г.Е.);

- Ферроқорытпаны балқымасын және мыс концентратын алу арқылы оксидті мыс құрамды терең өңдеудің жаңа кешенді технологиясын жасау (Шевко В.М., Сержанов Г., Утеева Р.А.);

- Балқаш байыту фабрикасының қалдықтарын кешенді өңдеу (Шевко В.М., Сержанов Г., Бадикова А.);

- Уранды құрайтын қалдықтарды және уранды құрайтын шикізатты реагентсіз қайта өңдеу технологиясы (Батькаев И.И.,  Батькаев Р.И.).

- Уран құрамды қалдықтарды өңдеудің жасыл технологиясы (Батькаев И.И.,  Батькаев Р.И.).

 

Жылдар бойынша жобаларды қаржыландыру көлемі

Жыл

млн.тг

Жыл

млн.тг

Жыл

млн.тг

Жыл

млн.тг

Жыл

млн.тг

2006

9,5

2008

22,0

2010

8,7

2012

34,0

2014

27,6

2007

20,0

2009

10,5

2011

9,0

2013

24,76

2015

28,0

2016

12,0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шевко В.М.  т.ғ.д., профессорының бағыты жыл сайын оқу процесіне ҒЗЖ нәтижелерін енгізуды жүргізеді, өндірістік зерттеулердің систематикалық технологиясы жүргізіледі.

Жасалынған технологияның өнеркәсіптік зерттеулері үшін ЖШС МЗҚ «Казхиминвест», ЖШС «Кермет», ЖШС «Отрар», ЖШС «Нуран» бірегей тәжірибелі-өндірістік базалары жасалынған

         Қуаттылығы 15 мың тонна кендерді хлорлы өңдеу үшін Леңгір қаласында тәжірибелі-эксперименттік қондырғысы орнатылған. ЖШС МЗҚ «Казхиминвест» базасында кальций карбидінің аз тоннажды өндірісі жасалынды және 2500 т кальций карбиді алынды.

    Магнитогорск ММК, Төмен Тагильск ММК, Жайрем тау кен байыту комбинатында зауыттарды қайта жасау және құрылысына арналған техникалық регламенттер дайындалды.

    «Тараз металлургиялыз зауыты» ЖШС-мен бірге полиметалды кендерден алынған ферросилицийге техникалық шарт (ТШ) дайындалды.

    Кафедраның қызметкерлерімен вельцтеу клинкерінен ферросилицийді алу технологиясын жасағаны үшін «ҚР ҒБМ Үздік ғылыми жұмысы» сертификаты алынған.

Техника ғылымының докторы, профессоры В.М.Шевконың жетекшілігімен дайындалды:

-  5 доктор, 16 ғылым кандидаттары, 1 PhD докторы және  3 магистр, соның ішінде:

  • ғылым докторы - Батькаев И.И. (1999ж.),  Айткулов Д.К. (2001 ж), Дарибаев Ж.Е. (2006 ж), Тлеуов А.С. (2007 ж), Капсалямов Б.А. (2010 ж);
  • ғылым кандидаттары - Оспанов С.С. (1985 ж.), Айткулов Д.К. 1990 ж.), Томилин И.А. (1991 ж.), Мельник М.А.  (1992 ж.), Кабылбекова Б.Н. (1996 ж.), Умирбаева Р.С.      (1997 ж.), Усербаев М.Т.  (2000 ж.), Дарибаева Н.Г. (2000 ж.), Каратаева Г.Е. (2002 ж.), Тлеуова А.Х. (2004 ж.), Битанова Г.А. (2007 ж.), Абжанова А.С. (2007 ж.), Абдикулова З.К.  (2007 ж.), Колесников А.С.  (2008 ж.), Бадирова Н.Б. (2010 ж.), Калашников Е.Я. (2010 ж.), Айткулов Б.Д. (2010 ж.);
  • PhD докторы  - СержановГ.М.  (2014 ж);
  • магистрлер - Сержанов Г.М.(2011ж.), Утеева Р.А.(2012ж.), Байбосынов Ж.(2012 ж), Бадиков А.Д.(2015ж).

Басылымға 1310 астам ғылыми мақалалар, 19 монография шығарылған, 132 астам авторлық құжаттар мен патенттер алынған. Кафедра базасында «Металлургия және электртехнология» ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істейді.

            Кафедра т.ғ.д., профессоры Шевко В.М. ВДНХ СССР күміс медалімен, «За вклад в развитие науки в РК» төс белгісімен  марапатталған. Ол ҚР ҒБМ «Лучший преподаватель ВУЗа» грантының иегері, «За выдающиеся результаты в научной работе» мемлекеттік стипендия иегері және басылымдағы металлургия саласындағы «Парасат» премиясының иегері. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының ең жақсы ғалымы (2008 ж.), М.Ауезов атындағы ОҚМУ ең жақсы профессоры атағын алған (2008ж, 2013ж). 30.12.2009 ж. бастап «Облысқа сіңірген еңбегі үшін»  медалімен наградталды. (2012 ж.).

2005 жылдан бастап Шевко В.М. ҚР ҒБМ білім беру және ғылым саласында аттестациялау мен бақылау бойынша химия және химиялық технология және металлургия Комитеті бойынша эксперттік кеңесінің төрағасы. Металлургия саласындағы ҚР МҒТС эксперті. Комиссия мүшесі ғылым мен техника саласындағы ҚР мемлекеттік иегері атағы берілді. «КИМС» журналының редколлегиясының мүшесі.

Кафедра профессоры  Батькаев И.И. университет қызметкерлерінің және студенттерінің арасында жоғары мәртебеге және беделге ие жоғары білікті маман. Негізгі ғылыми бағыты химиялық технология, металлургия, полиметалды, минералды және техногенді шикізаттарды кешенді өңдеу, 170 астам  ғылыми еңбектері жарияланды,   КСРО 12 авторлық куәлігі және 15 ҚР инновациялық патенттері алынды. Монография авторы, 3 оқу құралы. И.И.Баткаевпен 1 ғылым кандидаты дайындалды.