Менің отбасым – менің байлығым

2016 жылдың Қазан айының 28 жұлдызында № 6 жатақханада Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінде «Цемент, керамика және шыны технологиялары» кафедрасы «Менің отбасым- менің байлығым» атты іс-шара өткізді. Отбасы қуатты болса ел қуатты болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып белгіленген. Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінің декан орынбасары Байысбай Ө.П. мырза және Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің жоғары білікті маманы, психолог Байырова А. сөз сөйлеуде ХТ-14-7ка тобының студенттері.