МАМАНДЫҚТЫҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

       М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» кафедрасы 2017ж наурыздың 17 жұлдызында «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының ашық есік күнін өткізді. Бұған қала және облыс аудандарының мектептерінің «Химия» пәнін таңдаған  11 сынып оқушылары шақырылды. Кафедра ұжымында мұндай дәстүр қалыптасып, жыл сайын жүргізіледі. Ашық есік күнін ұйымдастырып өткізудің негізгі мақсаты мектеп бітірушілердің болашақ мамандықты дұрыс таңдауына жол  көрсету.

     Мамандықтың ашық есік күніне ұйымдастырылған концерттік бағдарламада мектеп, колледж түлектеріне университет басшылары, ХИжБТ жоғары мектебінің деканы Болысбек А.Ә. және қалалық білім бөлімі,  ғылыми әдістемелік орталығының әдіскері Сыздыкова Ж.А. құттықтау сөз сөйледі, ал кафедра ұжымы, оқу үрдісі, жетістіктері туралы таныстырды.