«Қызықты көңіл, студенттік өмір»

2017 жылдың қараша айының 16-күні №6 жатақханада «Цемент,керамика және шыны технологиялары» кафедрасының аға тәлімгері Күлмаханова Ақжібек Шәкімаралқызының ұйымдастырылуымен ХТ-16-7к тобының студенттері «Қызықты көңіл,студенттік өмір» атты іс-шара өткізді.

         Білім – біздің басты қазынамыз. Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ. Біздің жастарымыз алған білімін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса, нұр үстіне нұр жауар. Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді. Студент жастарымыздың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы.  Осы орайда білім берумен қатар көп қырлы тәрбие жұмыстарыныңда маңызы зор.

         Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты: Студенттерді мереке тарихымен таныстыру. Студенттерді ізденгіштікке, ұтымды жауап айта білуге, тапқырлыққа баулу. Белсенділікке, жан-жақтылыққа, уақытын тиімді пайдалануға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Студенттік кезде терең білім алып, бәсекеге қабілетті маман болып шығуға үндеу.