Кіші-футболдан М. Әуезов атындағы ОҚМУ спорт кешенінде жолдастық кездесу өтті.

19.01.2017 ж. күні «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің ұжымы университетте сырттай оқитын ЗХТ 15-7ру  (оқудың жеделдетілген түрі) тобының студенттері – Қырғызстан республикасы, «Қызыл-қия» Цемент зауыты жұмысшылар командасымен кіші футболдан М. Әуезов атындағы ОҚМУ  спорт кешенінде жолдастық кездесу өткізді. Тартысты ойын 11-8 есебімен  Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебінің ұжымының пайдасына аяқталды.Сонымен қатар, ХИжБ ЖМ ұжымы студенттер арқылы қырғыз халқына Бішкекте болған Боинг ұшағының апаты және Дача Су ауылының тұрғындарының қаза болуына байланысты көңіл айтты.