Қазіргі Қазақстан қоғамындағы ислам дінінің орны мен рөлі

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де «Электротермиялық өндірісінің технологиясы және металлургия» кафедрасы тәрбие жұмысы бағыты бойынша химия-технологиялық факультетінің 1 курс студенттеріне арнап «Қазіргі Қазақстан қоғамындағы ислам дінінің орны мен рөлі»  тақырыбы бойынша дөңгелек үстел - іс-шарасын ұйымдастырып, өткізді. ХТФ-де  дөңгелек үстел 27.11.2013жылы 127А аудиторисында өткізілді.
Мақсаты: Жеке тұлғаның бойындағы ерекше құндылықтың қалыптасуындағы діннің рөлі.
Дөңгелек үстелге  құрметті және мәртебелі қонақтар шақырылды:  Дәрібаев Т., ОҚО бас имам орынбасары, «Сейіткәрім қажы мешіті» имамы, Камалдинов Р.А.,Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, Маймақов Ғ.К., Дін басқармасы зерттеу орталығының жетекшісі, теолог, Мұстафаев Б.Н., Тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті директоры, Мусабеков Қ.А., кәсіпшілер одағының комитеті төрағасы, Нарбаев Е., жастар орталығының директоры, Анарбаев А.А., ХТФ деканы, сондай-ақ химия-технологиялық факультетінің барлық кафедра меңгерушілері.
«Қазіргі Қазақстан қоғамындағы ислам дінінің орны мен рөлі»  тақырыбы бойынша келісіліп жасалған дөңгелек үстел бағдарламасын  модератор – «ЭӨТжәнеМ» кафедрасының меңгерушісі Ходжибергенов Д.Т. ашты. Сөз сөйлеуге  тәрбие ісі бөлімінің бастығы Мұстафаев Б.Н., ХТФ деканы Анарбаев А.А. қатысты, «Ислам діні» видеофильм көрсетілді, әрі қарай дін басқармасы зерттеу орталығының жетекшісі, теолог, Маймақов Ғ.К., ОҚО бас имам орынбасары, «Сейіткәрім қажы мешіті» имамы, Дәрібаев Т.қатысты,  «Ислам дініндегі мәзһабтар жайлы» қызықты баяндамамен 
ХТ-10-2к1  тобының студенті Пілалов С. қатысты. Соңында студенттер  имам Т. Дәрібаевқа  және теолог  Ғ.К. Маймақовқа дін туралы сұрақтар қойып, қанағаттанарлық  жауаптар алды. 
Университет жастарға тек қана білім беріп қана қоймай, ол жастардың
осы өмірге бейімделуіне біздің өткізген іс-шара өте өзекті болып табылады.