«Қазақстан Республикасының индустриялды – инновациялық дамуындағы жастар энергиясы»

Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінде, «Қазақстан Республикасының индустриялды – инновациялық дамуындағы жастар энергиясы» атты І Республикалық ғылыми тәжірибелік воркшопқа магистранттар қатысты. 27-28 желтоқсан 2016 ж,  Астана қ.

ГПИИР-2 мемлекеттік бағдарламасында (6М075300 – Қиын балқитын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы) мамандығында оқып жатқан 2 курс магистранттары МП-15-3р тобы Жаникулов Н.Н. және МП-15-3пр тобының Кан К.С., Ратбекова А.Қ. 2016 жылдың 27-28 желтоқсанында Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінде, Астана қаласында «Қазақстан Республикасының индустриялды – инновациялық дамуындағы жастар энергиясы» атты І Республикалық ғылыми тәжірибелік воркшопқа қатысты.

Воркшоп нәтижесі бойынша магистранттар Жаникулов Н.Н., Кан К.С., Ратбекова А.Қ. (Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ) ректоры Е. Сыдықовтан сертификат алды.

BI Group құрылыс компаниясы МП-15-3пр тобының магистранты Ратбекова А.Қ. алдағы уақытта жұмыспен қамтуға  ниеттілігі бар екендігін білдірді.