«Қарттарым – асыл қазынам»

Қазанның 1-жұлдызында ХТ-17-5к3, ХТ-17-5к4 тобының студенттері және топ тәлімгерлері Сайдуллаева Л.Н., Шоинбаева К.Б. ұйымдастыруымен «Қарттарым – асыл қазынам» атты іс-шараға«Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің  декан орынбасары Өмірбек Пернебайұлы, «Биотехнология»кафедрасының қарт ұстазы а.ш.ғ.к., доцент Шамшадин Юсупов, «Биотехнология» кафедрасының аға тәлімгері Қатира Пазылбекқызы қатысты. Өткізілген мерекелік кеште ерекше белсенділік танытып, баршаны өнерлерімен тәнті еткен студенттер белсене ат салысып, мадақтама қағаздармен марапатталды.