Кафедра тарихы

Кафедра тарихы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің қаулысы бойынша 1993 жылы Қазақ химия-технологиялық институтының ТЭХП кафедрасының құрамында жаңа «Биотехнология» мамандығы ашылды. Жаңадан ашылған мамандықтың негізін ТЭХП кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымының докторы, профессор М.С. Сатаев қалаған Қазақстан бойынша ТЭХП кафедрасының барлық жұмыс-оқу жоспарлары және оқу-әдістемелік құжаттары алыс және жақын шет елдердегі жоғарғы оқу орындарының алдыңғы қатарлы жұмыс тәжірибесіне негізделіп жасалған.

1996 жылы кафедраны К.С. Надиров химия ғылымының докторы, профессор басқарды. Мамандықтың өсіп дамуын ТЭХП кафедрасының қызметкерлері мен оқытушылары: Г.С. Рысбаева, А.А. Сапарбекова, А.Талдыбаева, О.П. Чечина, А.М. Есимова, Г.Т.Сейдалиева, Б.Ш.Кедельбаев, И.И. Афимина, Н.А. Приходько өз күштері мен үлестерін қосты. 2003 жылы 10-шы қыркүйегінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ректоры т.ғ.д., профессор, ҰҒА академигі В.Қ. Бишімбаевтың бұйрығы бойынша «Биотехнология» кафедрасы құрылып, оның меңгерушісі болып б.ғ.к., Исаева А. тағайындалды, 2004 ж. х.ғ.к. Есимова А.М., 2005 ж. т.ғ.д., профессор Кедельбаев Б.Ш., ал 2009 ж. бері б.ғ.к. Сапарбекова А.А. кафедраны басқаруда.

Мамандық ашылған уақыттан бері кафедраның дайындап, шығарған жүздеген мамандары Қазақстанның перспективті өнеркәсіптерінде Шымкент, Алматы, Астана, Степногорск қалаларында (ЖШС «Шымкент сыра», ГТО «Биотехнология», ЖШС «Кит иСо» және т.б.) жұмыс істейді.

«Биотехнология» кафедрасы 2003 жылы  Агроөнеркәсіп факультетінің құрамында ұйымдастырылды. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Химиялық-технология факультетінің құрамына ендірілді. Ал, 2014 жылдың  қыркүйек айынан Факультет «Химиялық-инженерия және биотехнолоия» жоғары мектебі болып ұйымдастырылды.