Кафедра тарихы

Кафедра тарихы

        1962 жылы Қазақ  химия – технологиялық институтында  (КазХТИ)  -  «Пластмасса технологиясы» және   «Мұнай мен газды өңдеу технологиясы»  кафедралары ашылды.Кафедраның  педагогикалық және ғылыми жұмыстарына сол кездегі белгілі ғалымдар жұмылдырылды.

       1997 жылы университет  құрылысын қайта ұйымдастыру кезінде  бұл екі кафедра біріктірілді. Қайта құрылған «Мұнай, газ және полимерлер  технологиясы» кафедрасы көптеген жылдар бойы химия- технологиялық факультетінің  тәжірибелі, білімді және талантты, алдыңғы қатарлы бөлімі ретінде таныла білді.

       2013 жылы кафедра «Мұнай өңдеу және мұнайхимиясы» болып қайта өзгертілді және ол Химиялық инженерия және биотехнология жоғары мектебі құрамына кірді.

        Қазіргі уақытта профессор Сакибаева С.А. жетекшілік етуімен  кафедра белсенді түрде дамуда: жаңа ғылыми және оқу лабораториялары ашылды, жаңа приборлар мен жабдықтар алынды; Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ғылыми жобалар орындалуда.